|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 164, 165, 166, 167, 168 (құпия), 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 164-қосымша 220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлау саласында уәкілетті органның жұмысын қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 306479 мың теңге (үш жүз алты миллион төрт жүз жетпiс тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 6-4-бабы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы № 801 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетілдіру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, шеберлiк пен дағдыны жаңарту; министрлiктi материалдық-техникалық жарақтандыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң аппаратын ұстау, Республикалық бюджет комиссиясының мәжілістерiн өткізу; жұмыс iстейтiн және iске қосылатын ақпараттық жүйелердi, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын сүйемелдеу, әкiмшiлiк ету және қолдау әрi оларға техникалық қолдау; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру; Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын нығайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау қазiргi заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 165-қосымша 220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттік басқарудың ахуалдық жүйесiн құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 184000 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1999 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік басқарудың жағдаяттық жүйесін құрудың бiрiншi кезеңiнiң бағдарламалық ақпараттық тұғырнамасын жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік басқарудың жағдаяттық жүйесiн жасау және оны iске қосу барысында жүйенің бiрiншi кезеңiн жетiлдiру бойынша пилоттық жобаның бiрiншi кезеңiн аяқтау. ҚР Үкіметінің 2004.24.12. № 197ар қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Бюджеттік-экономикалық жоспарлаудың модельдерi, жағдаяттық жүйенiң толық жобасының техника-технологиялық және бюджеттік нақтыламалары, жүйенi iске қосу мен пайдалана бастауы, оны басқа органдар басқармасының жоспарлау және шешiмдер қабылдау процесiне қосу, олардың деректерiн жүйеге интеграциялау; жүйенi түпкiлiктi енгізуге толық дайындық. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 166-қосымша 220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң ақпараттық жүйесiн құру" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 122901 мың теңге (бір жүз жиырма екi миллион тоғыз жүз бiр мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттық жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бюджеттік-қаржы жоспарлауды ақпараттандырудың қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткізуге бағытталған кешендi ақпараттандыру жүргiзу, сондай-ақ қазiргі заманғы жаңғыртуды қамтамасыз ету және есептеу, коммуникациялық, желiлiк жабдық және ұйымдық техника, жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыру, ақпараттық жүйелердi тұтастандыру және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйелердiң қазiргi заманғы және бiрiктiрiлген ақпараттық жүйелердi енгізу, олардың жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығын және жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланудағы дерек қорды (ақпараттық ұсыныстарды) құру, лицензиялық жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын және оларды техникалық қорғауды сатып алу, сондай-ақ есептеу, желiлiк жабдықты, ұйымдық техниканы және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң ақпаратты қорғаудың ақпараттық бағдарламалық құралдарын сатып алу. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.20.12. № 197ао қаулыларымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: бюджеттік-қаржы жоспарлаудың қазiргі заманғы ақпараттандыру деңгейiн жоғары технологиялық шешiмдер мен аспаптық құралдар базасында мемлекеттік талаптары мен мiндеттерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ тиiмдi басқару мен мониторингтi есептеу желісі мен ақпарат қорғау ресурстарымен қамтамасыз ету.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |