|
|
|
Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының "Күйгенжар" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының "Күйгенжар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Күйгенжар" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының мемлекеттік резиденциялары мен басқа да объектiлерi үшiн жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) қоғамның жарғылық капиталын 2004 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 274798000 (екі жүз жетпiс төрт миллион жетi жүз тоқсан сегiз мың) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының оған Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетiне иелiк ету және пайдалануға беру туралы ұсынысына келісім берiлсiн. 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгеріс бекітілсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерiне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс 1. "Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс Басқармасының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Күйгенжар" AҚ". 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-54-жолмен толықтырылсын: "21-54. "Күйгенжар" АҚ". 3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсеткен қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-7-жолмен толықтырылсын: "238-7. "Күйгенжар" AҚ". 4. "Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |