|
|
|
"Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздігі үшiн өсiмдiктер мен (2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.2-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 135 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздігі үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингін және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кіріспе 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 5.1. Қазақстан Республикасының аумағындағы аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының мониторингі 5.2. Жануарлар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының генетикалық картасын жасау 5.3. ПТР диагностикалау әдiстерiн әзiрлеу және енгізу 5.4. Аса қауiптi жұқпалы инфекциялар қоздырғыштарының тектiк банкiн жасау 5.5. Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ҚР Үкіметінің 2006.23.06. № 576 Қаулысымен Бағдарламаның паспорты өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты Атауы Қазақстан Республикасының биоқауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым тапсырыс беруші - министрлігі әзiрлеушi Iске асыру 2004-2006 жылдар мерзiмдерi Әзiрлеу үшiн негiз "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 маусымдағы № 339-II Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген 2003-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.2-тармағы Бағдарламаның Қазақстан Республикасының биологиялық мақсаты қауiпсiзден қамтамасыз ету үшiн жануарлар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi аурулары қоздырғыштарының микробиологиялық мониторингi мен генетикалық паспортын жасауды жүргізу. Бағдарламаның Қазақстанның түрлi өңiрлерiнде аса қауiптi міндеттерi вирустық инфекциялардың пайда болуының және таралуының неғұрлым ықтимал көздерi мен жолдарын анықтау. Инфекция ошақтарынан вирустық аурулардың қоздырғыштарын ажырату. Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (АШҒЗИ) коллекциясында бар әрi инфекция ошақтарынан жаңадан ажыратылған аса қауiптi вирустық аурулар қоздырғыштары тектерiнiң генетикалық картасын жасау. Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттерде аса қауiпті вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық және эпизоотологиялық ахуал туралы деректердi жинау және өңдеу. Қауiптi патотектер тектерiнiң ұлттық банкiн жасау. Аса қауiптi ауру пайда болған жағдайда генетикалық сәйкестендiру әдiстерiн және тектер банкiн пайдалану арқылы патогеннiң шығу көзiн анықтау. Зерттелген вирустар геномы құрылымы бойынша алынған деректердi халықаралық тектер банкінің деректерiмен салыстырмалы талдау. ПТР негiзiнде экспресс-диагностика құралдарын жасау және Қазақстан Республикасы аумағының саулығы мен елдiң биологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн аса қауiптi инфекциялармен күрес шараларын әзiрлеу. Қажеттi ресурстар Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мен қаржыландыру 2004-2006 жылдардың іс-шараларын іске асыру көздерi үшін қажеттi бюджеттік қаражат көлемiнде, Бағдарламаның әкiмшiсiне республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде тиiстi қаржы жылдарына көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 209,884 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге 2005-2006 жылдарға арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады. Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыруды орындау нәтижесiнде нәтижелер инфекцияға мониторинг жүргiзiледi, бұрын зерттелмеген немесе белгiлi микроорганизмдердiң жаңа серотиптерiнiң анықталуы күтiлуде. Бұлар анықталған жағдайда: жануарлар мен дәндi дақылдардың клеткаларына инфекциялық аурулар қоздырғыштарының патогендiлiк спектрi; физикалық-химиялық құрамы; вирустарды егу және табу (анықтау) әдiстерi; сыртқы орта факторларына және әсерiн жоюшы химиялық заттарға тұрлаулылығы; инфекция қоздырғышының резервуары зерттелетiн болады. Алынған нәтижелер негiзiнде осы аурулардың алдын алу және онымен күресу шараларын әзiрлеу жөніндегі зерттеулердiң бағдарламалары ұсынылады, қоздырғыштардың халықаралық вирустар классификациясындағы орны анықталады. Мемлекеттер арасындағы экономикалық, сауда және туристiк байланыстардың кеңеюi, әр түрлi көлiк құралдары мәнiнiң өсуi адамдардың, жануарлар мен құстардың аса қауiптi ауруларын алып келу және тарату мүмкiндiгін едәуiр арттырып отыр. Қазақстанның денсаулық сақтау және ветеринарлық қызметi, сондай-ақ елдiң биологиялық қауiпсiздігі үшiн Қазақстан Республикасының аумағында мерзiмдi тiркелетiн адамдардың, жануарлардың, өсiмдiктер мен құстардың аса қауiптi вирустық аурулары аса маңызды мәнге ие болып отыр. Осыған байланысты мониторингтiң ұлттық жүйесiн жасау, геномдердiң карталануы мен секвенирленуiн жүргізу және ел үшiн аса қауіпті адамның, жануарлар мен құстардың вирустық патотектерi тектерiнiң ұлттық банкiн қалыптастыру, сондай-ақ эпидемияға, эпизоотикаға қарсы және профилактикалық iс-шараларды едәуiр жақсарту қажеттiгi туындайды. Адамдар мен жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында, әсiресе шекаралас аудандарда, эпидемиялық және эпизоотикалық жағдайды жедел қадағалау жүйесiн әзiрлеу қажет. Жануарлардың, өсiмдiктер мен микроорганизмдердiң геномдерiнiң құрылымын зерделеудiң биология мен медицинаның iргелi проблемаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, биологиялық өнеркәсiп пен экологияның практикалық мiндеттерiн шешудiң едәуiр мәнi бар. Бұл саладағы әзiрлемелер қорғаныс мақсатында қолданылуы мүмкiн. 90-жылдардың соңына қарай вирусологиялық практикада қолданбалы, сондай-ақ iргелi аспектiлерде жаңа әдiстемелiк тәсiлдердi пайдалану кеңiнен дамыды. Олардың арасында молекулярлық-генетикалық әдiстер - рестрикциялық талдау, нуклеин қышқылдарын молекулярлық будандастыру, молекулярлық клондау және полимеразды тiзбектi реакция жетекшi орын алды. Бұл әдiстердiң иммунологиялық әдiспен салыстырғандағы негiзгi артықшылығы, оларды патогендi микроорганизмдердiң кең спектрi үшiн жасырын және созылмалы инфекция жағдайында қолдану, қоздырғыштардың генетикалық жақындығын және олардың таксономикалық қатыстылығын анықтау мүмкiндігінде, қоздырғыштарды зертхана жағдайында бөлiп шығару мен өсiру қажеттілiгінiң жоқтығында екенi белгiлi. Вирусологияда геномдардың картасын жасауды пайдалану геном құрылымының нақты суретiн және тектердiң оқшаулануын айқындауға негiз құрайтын сәт болып табылады. Карталанған бөлiктердiң бастапқы құрылымын айқындау - геномды генетикалық зерттеудiң соңғы кезеңi. Қазіргі кезде геном картасын жасау әр түрлi вирустар тудыратын ауруларды диагностикалаудың мiндеттерiн шешу, олардың штаммдарын сәйкестендiру мен саралау, аттенуация немесе физикалық-химиялық факторлардың әсер етуi процесiнде геномның тұрақтылығын бағалау үшiн жоғары тиiмдiлiкпен пайдаланылуда. Бұдан басқа, осы әдiс рекомбинантты ДНК-вакциналарды құрастыруда, әр түрлi вирустар топтары геномының физикалық (генетикалық) карталарын жасауда, микрорганизмдердің коллекциясында сақталатын олардың штамдары мен изоляттарында, вирустарды жiктеуде қолданылады. Вирустардың персистенциясы және олардың мутацияларының немесе рекомбинацияларының болжамсыздығы экология мәселелерiн зерделеу қажеттiлiгiн және әр түрлі вирустардың генетикалық аясын үнемi жүйелі әсiресе жабайы жануарлардың белсендi жылыстауы орын алатын, үй жануарлары айдалатын және ауыл шаруашылық малдары жайылатын өңiрлерде белгiсiз немесе табиғаты аз зерттелген асқынған және созылмалы аурулардың пайда болу шарттылығын айқындайды. Табиғаты белгісiз вирустық ауруларды табу және сәйкестендiру жөніндегі жалпы кешендi iс-шараларда геномның генетикалық картасын жасау жоғары дәлдiкпен және шүбәсiздiкпен қоздырғыштың белгiлi бiр вирустар тобына қатыстылығын анықтауға, оның пайда болу көздерi мен мүмкiн болатын келу жолдарын айқындауға мүмкiндiк бередi. Бағдарламаны iске асырудың нәтижелерi бойынша аса қауіптi вирустық аурулар қоздырғыштары штамдарына, оның iшiнде арнаулы мақсаттарда қолданылатындарына генетикалық төлқұжаттау жүргiзiледi, қауiптi патотектер тектерiнiң банкi жасалады, бактериологиялық мониторингтiң және биологиялық қауiпсiздiктiң ұлттық жүйесiн жасауда генетикалық зерттеулердiң рөлi мен орны айқындалады. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау Қазақстан Республикасының аумағында аса қауiптi инфекциялар бойынша қалыпты жағдай жасау және биологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсарту мен ұлттық қауiпсiздiктi нығайту үшiн маңызды мiндет болып табылады. Қазiргi кезде адамның және жануарлардың аса қауiптi инфекциялар жөніндегі ахуал дүниежүзiнiң көптеген елдерiнде, соның iшiнде бiздiң мемлекетiмiз үшiн де өзектi проблема болып отыр. Аса қауiптi инфекциялардың күрт пайда болуы зор әлеуметтік-экономикалық залал тигiзуде. Қазақстан Республикасы және әлемнiң көптеген елдерi үшiн iрi қара мал обасы, аусыл, қой шешегi, беймәлiм өкпенiң қабынуы, геморрагиялық безгек, ұсақ күйiс қайтаратын жануарлардың обасы, ешкi шешегi, түйе шешегi, қойдың катаралдық безгегi, шошқаның классикалық обасы, Ньюкасл ауруы, құстардың тұмауы сияқты аса қауiптi инфекциялық вирустық аурулар төтенше қауiп тудырып отыр. Бұған, Ұлыбританияда біразға созылған амандық-саулықтан соң 2001 жылы осы ауру бойынша тұтанған аусыл iндетi мысал бола алады. Аурудың жаңа ошақтарының пайда болуы 8 айға дейiн созылды. Барлығы 2030 жайсыз ошақтар тiркелдi, 4 млн. әр түрлi мал басы немесе елдегi мал басының 6,5% өлтiрiлiп, жойылды. Аусыл әкелген экономикалық залал 31 млрд-тан астам $ құрады. 1995 жылы Мәскеу облысында аусыл ошағын жою 14,5 млрд. рубль (3,2 млн. долларға жуық), 2000 жылы Приморье өлкесiнде 8,7 млн. рубль (300 мың доллардан астам) құрады. Соңғы жылдары мүйiздi iрi қара мал обасының iндетi Ресей федерациясының шектес аумақтарында (1998 жылғы Амур облысындағы соңғы оқиға) және Монғолияда болған, бұл осы инфекцияның елiмiздiң аумағына келуiнiң мүмкiндігін тудырып отыр. Iрi қара мал обасы Түркиядан екi мәрте (1989 және 1996 жылдары) Грузияға таралған. Iрi қара мал обасының вируленттiк вирусының пайда болуы жағдайында тез қабылдағыш жануарлар арасындағы өлiм-жiтiм 100% құрайды. ХЭБ деректерi бойынша 10 африка (Алжир, Буркина-Фасо, Мали, Марокко, Нигерия, Сенегал, Тунис, Уганда, Эритрея, Эфиопия) және 10 азия (Израиль, Иордания, Иран, Йемен, Қытай, Кувейт, Непал, Оман, Пәкiстан, Түркия) елдерi қой мен ешкi шешегі бойынша жайсыз елдер болып табылады. Мүйiздi iрi қара малға да жұғатын қойлардың катаралдық безгегі ерекше назар аударуды қажет етедi. Күйiс қайтаратындардың жабайы түрлерi де ауырады. Ауру малдың өлiмi 80%-ға дейiн жетедi. Осы iндеттен Италияда 2000 жылы 6071, Испанияда 1023 мал басы өлдi. 2001 жылы шошқалардың классикалық обасы 31 елде, соның iшiнде 12 еуропа, 9 азия, 8 америка және 2 африка елдерiнде тiркелдi. Yстiмiздегi жылы осы ауру Болгарияда, Германияда, Люксембургте, Румынияда, Словенияда, Францияда, Оңтүстік Кореяда тіркелді. Соңғы 10 жыл iшiнде шошқалардың классикалық обасы еуропа елдерiне 4 млрд. АҚШ долларына және 2 млрд. немiс маркасына тең жалпы зиян шектiрдi. Ресей Федерациясында шошқалардың классикалық обасы жыл сайын тiркеледi. 2001 жылы федерация субъектілерiнiң 8 аумағында 14 жайсыз ошақтар тiркелген және осы ауру қоздырғышының бiздiң елiмiздiң аумағына келу мүмкiндігі туып отыр. Республиканың құс шаруашылығына Ньюкасл ауруы үлкен залал тигізуде. Экономикалық залал, негізiнен өзiндiк профилактикалық iс-шараларын және оның пайда болуы кезiнде күрес шараларын жүргiзумен байланысты болып отыр. Осы дертке қарсы вакциналанбаған құстардың өлуi 100%-ға дейiн жетедi. Осы індет EO-ның 11 елiнде тiркелген. Ең жайсыздары Италия, Нидерланды, Дания болып табылады. 2000 жылы Италияда 258 жайсыз ошақтар анықталды. Қалған елдерде әр жылдары аурудың бiрен-саран бой көтеруi байқалды. EO-ның елдерiнде 1971-1972 жылдары Ньюкасл ауруынан болған экономикалық залал 15 млн. ағылшын фунт стерлингін құрағаны туралы мәлiметтер бар. Құстардың тұмауы Ұлыбритания мен Италияда байқалды. Мексикада құстар тұмауының бел алған кезiнде 17 млн. бас құс жойылған, олардың құны 64,0 млн. АҚШ долларын құрағаны туралы деректер бар. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша 2003 жылдың 16 маусымына әлемнің 30 елiнде 8460 беймәлiм өкпе қабынуы ауруы, оның iшiнде 799 өлiм оқиғасы тiркелген. Аурудың ең көп саны Қытай Халық Республикасында, соның iшiнде Гонконгта - 7082 оқиға, оның 641-i өлiммен аяқталған (2003 жылдың 9 маусымына 7082 оқиға, 628 өлiм), Тайванда 698 және 83 (2003 жылдың 9 маусымына 680 оқиға, 81 өлiм), Канадада - 243 және 32 (2003 жылдың 9 маусымына 229 оқиға, 32 өлiм), тиiсiнше тiркелген. Ресей Федерациясында 2003 жылдың 16 маусымына беймәлiм өкпе қабынуының 1 оқиғасы тiркелген.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |