|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат): 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: "18-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны мен жазылу стиліне қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу саласындағы мiндеттерi, функциялары мен құзыретi заңдарда мемлекеттік басқару деңгейлерi бойынша айқын ажыратылып белгiленуге тиiс. 2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тіл нормалары мен заң терминологиясы сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.". 2. "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат): 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Мемлекеттік органның құзыретi деп мемлекеттік орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады; мемлекеттік органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттік органның заңдарда белгiленген құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады; мемлекеттік органның құқықтары деп заңдарда белгiленген белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады; мемлекеттік органның мiндеттемелерi деп заңдарда белгiленген, мемлекеттік орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады; мемлекеттік органның мiндеттерi деп мемлекеттік орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады; мемлекеттік органның функциялары деп мемлекеттік органның қызметтi заңдарда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |