|
|
|
Ұлттық бiрыңғай тестiлеуді енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім берудiң сапасын және білiм беру ұйымдарының білім беру қызметiн мемлекеттік бақылаудың тиiмділiгін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жалпы орта білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн қорытынды мемлекеттік аттестаттау мен орта кәсiптiк (бұдан әрi - колледждер) және жоғары кәсiптiк (бұдан әрi - ЖОО) оқу орындарына қабылдау емтихандарын бiрiктiрудi қамтамасыз ететiн ұлттық бiрыңғай тестілеудi енгізу туралы ұсынысы 2004 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары шегiнде қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) 2004 жылы жалпы орта білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн қорытынды мемлекеттік аттестаттауды және колледждер мен ЖОО-ға түсу үшiн конкурстық iрiктеу өткізу кезiнде оның нәтижелерiн есепке алуды көздейтiн ұлттық бiрыңғай тестiлеуге көшудi қамтамасыз етсiн; 2) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекiтсiн; 3) ұлттық бiрыңғай тестiлеу рәсiмiн iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында қажеттi нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдасын; 4) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткізу пункттерiн құру жөнiнде шаралар қабылдасын; 5) Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігімен бiрлесiп, ұлттық бiрыңғай тестiлеудi ұйымдастыру әрi өткізу мәселелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария ету үшiн шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі оқушылардың тестiлеу пункттерiне бару және қайту жолдарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткізуге арналған емтихандық материалдардың сақталуы мен тасымалдануын қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткізуге арналған емтихандық материалдарды жеткізудiң қауiпсiздiгi мен құпиялылығын қамтамасыз етсiн. 5. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi ұлттық бiрыңғай тестiлеу өткізудi ұйымдастыруға көмек көрсетсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |