|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен күші жойылды "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: "4-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;"; 6) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 12-1) және 25-1) тармақшалармен толықтырылсын: "12-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау;"; "25-1) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету;"; 28) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын: "1-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру;"; "2-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктер беру;"; "3-1) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу;"; "5-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі талаптарды белгілеу;"; 12) тармақша алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |