|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 54-қосымша 212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Агроөнеркәсiптiк кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 4953765 мың теңге (төрт миллиард тоғыз жүз елу үш миллион жеті жүз алпыс бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңының 8 , 21, 25-баптары; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы; "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 4 , 6-баптары; "Жануарлар әлемiн өсiрудi және пайдалануды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңы; "2004 жылғы республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыланатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң бiрыңғай еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысы, "Ветеринариялық қызметтi лицензиялау ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысы; "Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, қайта өңдеу жөнiндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 ақпандағы № 243 қаулысы; "Қазақстан Республикасы бiрыңғай ақпараттық кеңестiк тұжырымдамасы және оны iске асыру шаралары" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық-маркетингiлiк жүйесiн құру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы, "Қазақстан Республикасының "2004 жылғы республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердiң тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерінің қызметiн қамтамасыз ету; кәсiби шеберлiктi толық жетiлдiру және лауазымды мiндеттердi тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарға сәйкес кәсiби қызмет саласында теориялық және практикалық білімдердi, ептiлiк пен дағдыларды жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратын және аумақтық басқармаларын ұстау. Мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн жоғарылату. Ауыл, орман және су шаруашылығы саласындағы заңнамаға сәйкес лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн белгіленген тәртiппен лицензиялау. Балық ұстауды реттеу және балық ресурстарын сақтау бассейндiк басқармаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ақпараттық-маркетингілiк жүйелерiмен жергiлiктi мiндеттерiн қолдау. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерiне жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақтылы орындалуы; қазiргі экономикалық талаптарға сәйкес сапалы оқыту жүйесiн қалыптастыру және дамыту арқылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн жоғарылату; ветеринариялық қызметті, элеваторлар қызметiн лицензиялау; сапалы өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерiн алу; өнiмдердiң сақталуын қамтамасыз ету. Осылардың барлығы ауылдық жерлерде ветеринариялық қызметтер көрсету рыноктарының дамуына мүмкiндiк бередi, мал шаруашылығының өркендеуiн қамтамасыз етедi, өсiмдiк өнiмдерi өндiрiсiне, сорттық және себiлу сапасын (сертификаттау арқылы), игi ықпал етедi; асыл тұқымды мал шаруашылығы және табынды өз төлiнен өсiру саласындағы қызметтер мен малдардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау саласында заңды және жеке тұлғалардың қызметiн реттеу; ақпараттық-маркетингiлiк жүйелерінің тиiмдi жұмыс iстеуi. Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 55-қосымша 212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Жердiң мелиоративтiк жай-күйiн сақтау және жақсарту" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 142232 мың теңге (бip жүз қырық екi миллион екi жүз отыз екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 99, 159-161-баптары; "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" 1993 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 389 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 89 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 24 ақпандағы № 189 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердiң мелиоративтiк жай-күйiн жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: суармалы жерлерде және Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру Жобасының объектiлерiнде мониторинг жүргiзу, республиканың суармалы жерлерiнiң мелиоративтiк жай-күйiн бағалау, әдiстемелiк және нормативтік құжаттама әзiрлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мелиоративтiк қалпының бағалау өлшемдерiнiң дәлелдi, суармалы жерлердi пайдалану кепiлдемесiнiң сапасы, олардың мелиоративтiк жағдайы жақсарады және топырақ құнарлығы мен ауыл шаруашылығы егісiнiң өнiмдiлігі көтерiледi, жоба-iзденiс жұмыстарының сапалық және нәтижелiк орындалуы келісілген нормалармен және ережелермен қамтамасыз етуi, біліктiлiктi қорытындыларды беруi және жобалардың сараптауын өткізу мелиорация саласында жасалатын ТЭД және ЖСҚ бағасын кемiтуге әкеп соғады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |