|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1529 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 8 сәуірдегi № 392 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын бiліктiлiк талаптары 1. Бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi (бұдан әрi - мемлекеттік нышандар) дайындау жөнiнде лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады. 2. Мемлекеттік нышандарды дайындау жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналарды: 1) стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен келісілген және бекітілген мемлекеттік нышандарды дайындау процесiн регламенттейтiн техникалық құжаттар (техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама); 2) жеке меншiк құқығындағы немесе жалға алынған өндiрiстiк-техникалық база (өндiрiстiк үй-жайлар, технологиялық жабдықтар, өлшеу және бақылау құралдары, соның iшiнде қолданыстағы стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар талаптарына сай дайындалған мемлекеттік нышандардың сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн түстер атласы); 3) пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдықтарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар; 4) мемлекеттік нышандарды дайындаудың технологиялық процесiне қарай, өндiрушi әзiрлеген нұсқаулықтарда белгiленген, лицензияланатын қызмет саласында тиiстi біліктiлiгi және білім деңгейi бар персоналдың болуын қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |