|
|
|
Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы
ҚР 2007.21.07. № 301-III Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар) 2-тарау. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен (6 - 10 баптар) бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеу 3-тарау. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен (11 - 20 баптар) бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 4-тарау. Қорытынды ережелер (21 - 22 баптар) Осы Заң тамақ өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасы аумағында дайындалуы мен айналымы кезінде олардың сапасын және халықтың денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады: 1) тамақ өнімдерiнiң қауіпсiздiгі - белгiленген жарамдылық мерзiмi iшiнде тамақ өнiмдерiн пайдалану мен (немесе) сақтаудың адамдар өмiрi, денсаулығы үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн тамақ өнiмдерiнiң ерекшелiгi; 2) биологиялық жұғымды қоспалар - жеке қолдануға немесе тамақ өнiмдерiнiң құрамына енгізуге арналған табиғи (табиғи заттармен бiрдей) биологиялық жұғымды заттар; 3) генетикалық түрлендiрiлген көздер - гендiк инженерия әдiстерiн қолдана отырып, өсiмдiктен және (немесе) малдан алынған шикiзат пен өнiмдер; 4) дайындау күнi - тамақ өнiмiн дайындаудың технологиялық процесi аяқталған күн; 5) орама жасау күнi - тамақ өнiмiн тұтыну ыдысына салу күнi; 6) тамақ өнiмдерiн, тамақ өнiмдерiмен байланыста болатын материалдар мен бұйымдарды бiрдейлендiру - белгiлi бiр тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлейтiн рәсiм; 7) тамақ өнiмдерiнiң сапасы - тамақ өнiмдерiнiң нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiк деңгейiн көрсететiн, олардың тұтынылу ерекшелiктерiнiң жиынтығы; 8) таңбалау - тамақ өнiмiн дайындаушы тұтыну ыдысына (орамаға), этикеткаға, жапсырмаға, қосымша параққа, стикерге түсiретiн ақпарат; 9) тамақ өнiмдерiмен байланыста болатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмдерiн дайындау, өндiру, орау, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану үшiн қолданылатын материалдар мен бұйымдар, соның iшiнде көлiк, технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыс, ыдыс-аяқ, асханалық керек-жарақтар; 10) сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерi - тұтынылуы (пайдаланылуы) адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп келтiруi мүмкiн немесе қауiп келтiретін тамақ өнiмдерi; 11) нормативтiк құжаттар - тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн халықаралық, мемлекетаралық, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар және гигиеналық нормативтер, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен фитосанитарлық нормативтер; 12) тамақ өнiмдерiнің, материалдар мен бұйымдардың айналымы - тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды дайындау, әзiрлеу, өндiру, сатып алу, импорт пен экспорт сақтау, тасымалдау мен өткізу, сауда және тамақтандыру саласында қызметтер көрсету, сондай-ақ сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою; 13) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнiмдерi - тамақтың құндылығын арттыру үшiн бiр немесе одан да көп қажеттi ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және тамақ өнiмдерiнде бастапқыда болмаған немесе өндiру мен сақтау процесiнде жоғалтылған, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатында енгiзiлген басқа да заттар қосылған кез келген тамақ өнiмдерi; 14) тамақ қоспалары - тамақ өнiмдерiне оларды дайындау және өндiру процесiнде белгiлi бiр қасиеттер сіңіру және (немесе) олардың сапасын сақтау мақсатында арнайы енгізілетін табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары; 15) тамақ өнімдері - адам тамақ ретінде пайдаланатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдер, соның iшiнде балаларға арналған, диеталық тағам өнiмдері, шөлмекке құйылған ауыз су, алкоголь өнiмi, сағыз, алкогольсіз сусындар, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспалар; 16) өнімнің тағамдық құндылығы - адамның қажетті заттар мен энергияға деген физиологиялық қажеттіліктерiн қанағаттандыратын тамақ өнiмi қасиеттерінің жиынтығы; 17) балалар тағамы өнімдері - он төрт жасқа дейiнгi балалардың тамақтануына арналған және бала организмiнiң физиологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес келетiн тамақ өнiмдері; 18) жарамдылық мерзімі - тамақ өнiмi мақсаты бойынша пайдалану үшiн жарамды деп есептелетiн уақыт кезең; 19) сақтау мерзімі - белгiленген сақтау талаптары орындалған жағдайда тамақ өнiмiнің нормативтік құжаттарда көрсетiлген барлық қасиеттері сақталатын уақыт кезеңi; 20) тамақ өнімдеріне, материалдар мен бұйымдарға техникалық құжаттама - өнiмнің тiршiлiк циклінің әрбiр сатысында тiкелей пайдалану үшін қажеттi және жеткіліктi құжаттар жиынтығы (бұдан әрi - техникалық құжаттама); 21) тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату - сапасыз және қауіптi тамақ өнімдерiн, материалдар мен бұйымдарды олардың әуелде жаратылған және әдеттегі қолданылатын мақсатынан өзгеше мақсаттарға пайдалану; 22) жалған тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар - көрiнеу және қасақана өзгертілген (қолдан жасалған) және (немесе) олар туралы ақпарат көрінеу сенiмсіз немесе толық емес болып табылатын жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар; 23) тамақ өнімдерін сараптау - тамақ өнiмдерінің қауіпсiздігін анықтау, тұтынылу қасиеттерiн, тамақтық және энергетикалық құндылығын сипаттайтын ерекшеліктерін бағалау; 24) тамақ өнімінің энергетикалық құндылығы - физиологиялық функцияларды қамтамасыз ететін тамақ өнiмдерiнен адам организмiнде бөлiнетін қуаттың мөлшері. 2-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің сапасы мен қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Тамақ өнiмдерiнің, материалдар мен бұйымдардың айналымы 1. Нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетiн және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіпте мемлекеттік тiркеуден өткен өнiмдер, материалдар мен бұйымдар айналымда бола алады. 1) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн; 2) оларды сараптау кезiнде табылған сапасыздықтың айқын белгiлерi бар; 3) олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн куәландыратын, шығу тегiн растайтын құжаттары жоқ; 4) берiлген ақпаратқа сәйкес келмейтiн; 5) белгiленген жарамдылық мерзiмдерi жоқ (жарамдылық мерзiмдерін белгiлеу міндеттi болып табылатын тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар үшін) немесе жарамдылық мерзiмдерi өтіп кеткен; 6) нормативтiк құжаттарда көзделген мәлiметтердi қамтитын таңбалауы жоқ; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiпте мемлекеттік тiркеуден өтпеген тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар айналымда бола алмайды. 4-бап. Тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдaрдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету Тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздігі: 1) тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеу шараларын қолдану; 2) тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тамақ өнiмдерiне, материалдар мен бұйымдарға және олардың айналымының шарттарына нормативтiк құжаттардың талаптарын орындау бойынша ұйымдық, агрохимиялық, ветеринариялық, технологиялық, инженерлiк-техникалық санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) және фитосанитарлық iс-шараларды өткізуi; 3) тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, нормативтiк құжаттарға сәйкес олардың айналымының шарттарын сақтауға өндiрiстiк бақылау жүргiзу; 4) мiндеттi сертификаттауға жататын тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды сертификаттау; 5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу; 6) сапаны басқарудың прогрессивтi жүйелерiн енгізу арқылы қамтамасыз етіледi. 5-бап. Тамақ өнімдерінің ,материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгі туралы ақпарат 1. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсiздігі туралы: сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға; бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға толық және дұрыс ақпарат беруге міндеттi. 2. Стандарттау, метрология және сертификаттау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария және фитосанитария саласындағы уәкілетті органдар өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғаларды: тамақ өнімдерінiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсiздігі; тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне талаптар белгiлейтiн нормативтiк құжаттар; тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тiркеу; тамақ өнімдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растау туралы; сапасыз және қауіпті тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды сатудың алдын алу жөніндегi шаралар туралы ақпаратпен қамтамасыз етедi. 2-тарау. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеу 6-бап. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормалау 1. Тамақ өнiмдерiнің (соның iшiнде тағамдық және биологиялық жұғымды қоспалардың), материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсiздігіне, орауға, таңбалауға, өндiрiстік бақылауға, олардың өнiмге техникалық құжаттамаларының сәйкестігін бағалауына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тиiсті нормативтік құқықтық актілерімен, нормативтiк құжаттармен белгіленедi. 2. Тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы бойынша қауіпсiздікке қойылатын талаптар тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен, нормалармен және гигиеналық нормативтермен белгіленеді. 3. Ет, балық, құс, жұмыртқа және малдан алынатын басқа да шикізатты дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу кезiндегі сапа мен қауiпсiздікке қойылатын талаптар ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелермен, санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен, нормалармен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелердi және фитосанитарлық нормативтердi тиiсiнше стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау саласындағы уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен бекiтедi. 5. Тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарымен, санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелермен және фитосанитарлық нормативтермен белгiленген сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөнiндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндетті болып табылады. 7-бап. Тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тiркеу 1. Өндiрiске алғаш енгiзiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тағамдық және биологиялық жұғымды қоспалар, генетикалық түрлендiрiлген көздер, балалар тағамы өнiмдерi, сумен және тағам өнiмдерiмен байланыста болатын бояғыштар, материалдар мен бұйымдар мемлекеттік тiркеуге жатады. 2. Өндiрiске алғаш енгiзiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн балалар тағамы өнiмдерiн, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды мемлекеттік тiркеу халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргізiлуге тиiс. 1) дайындаушы (жеткізушi) беретiн және тамақ өнiмдерiнің, материалдар мен бұйымдардың нормативтік құжаттардың, оларды дайындау немесе жеткізу шарттарының талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың сараптамасын, сондай-ақ өткiзiлген сынау нәтижелерiн; 2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берiлген заттар мен өнiмдердi, олар туралы, оларды дайындаушылар (жеткізушiлер) туралы ақпаратты Мемлекеттік тiзiлiмге енгізудi қамтиды. 4. Бiр атаумен тамақ өнiмдерiнің, материалдардың, бұйымдардың бiрнеше түрiн мемлекеттік тiркеуге, сондай-ақ тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың бiр түрiн бiр атаумен немесе әртүрлi атаулармен, оларды әртүрлi өндiрушiлер дайындаған жағдайларды қоспағанда, бiрнеше рет тiркеуге жол берiлмейдi. 8-бап. Тамақ өнiмдерінiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсiздігіне қойылатын талаптарды сертификаттау және растау 1. Мiндеттi сертификаттауға жататын тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың тiзбесiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария және фитосанитарлық қадағалау саласындағы уәкiлеттi органдардың ұсыныстары негізiнде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi. 2. Тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар үшiн әзiрленетiн нормативтiк құжаттамаларға енгiзiлетiн сапа және қауiпсiздiк көрсеткiштерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария және фитосанитарлық қадағалау саласындағы уәкiлеттi органдармен мiндеттi түрде келісілуге жатады. 3. Тамақ өнiмдерiне, материалдар мен бұйымдарға тамақ өнiмдерiнiң айналымы саласында көрсетiлетiн қызметтерге, сондай-ақ сапа жүйелерiне сертификаттау жүргiзу тәртібі (сәйкестік туралы декларацияны мiндетті және ерiктi түрде беру) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мiндеттi сертификаттау тiзбесiне кiрмейтiн тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берiле отырып, мiндеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға жатады. 4. Егер тамақ өнiмдерiнiң айналымы саласында сертификаты және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарды бұзса, осы бапта көрсетiлген құжаттарды берген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлетті орган олардың қызметiн және аталған құжаттардың қолданылуы бұзушылық жойылғанға дейiн тоқтата тұруға мiндеттi. Егер бұзушылықты жою мүмкiн болмаған жағдайда, аталған құжаттар керi қайтарып алынады. Сәйкестiк туралы декларация берген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бұзушылығы анықталған жағдайда, уәкiлеттi органдар тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар айналымы саласындағы қызметті дереу тоқтата тұруға, сәйкестік декларациясын қайтарып алу арқылы оның қолданылуын тоқтатуға және сәйкестiк декларациясының қолданылуын тоқтату туралы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi органға хабарлауға мiндетті. 9-бап. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау 1. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттік қадағалау мен бақылауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария, фитосанитарлық қадағалау саласындағы уәкілетті органдар мен стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 2. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсiздігі және халықтың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ сапасыз және қауіптi тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың тұтыну рыногына келiп түсуiн болғызбау жөніндегі шараларды әзiрлеу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. 10-бап. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттері 1. Жеке және заңды тұлғалардың: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аумақтың және (немесе) объектiнiң санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жай-күйi туралы дұрыс ақпаратты уақытылы алуға; 2) санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен фитосанитарлық нормативтердi орындау мақсатында зерттеулер жүргізу бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жүгiнуге; 3) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу), ветеринариялық және фитосанитарлық ic-шараларды өткізуге қатысуға құқығы бар. 1) мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарда белгiленген тамақ өнімдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың, оларды дайындаудың, ораудың, таңбалаудың, сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудiң технологиялық процестерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптары бар техникалық регламенттер мен мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн техникалық шарттарды әзiрлеуге және бекiтуге; 2) тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың жаңа түрлерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне оларды сынақтан өткізу әдiстемесiне өндiрiстiк бақылау жасау бағдарламаларын әзiрлеуге және олар үшін мiндетті жарамдылық және сақталу мерзiмдерiн нормативтiк құжаттарға сәйкес белгілеуге; 3) тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың әрбiр партиясының сапасы мен қауіпсiздiгiн, сондай-ақ тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы кезiнде нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге; 4) тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды сатып алушылардың немесе тұтынушылардың талабы бойынша өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiн куәландыратын құжаттар беруге; 5) тамақ өнiмдерiнiң орамасы мен таңбалануын нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге; 6) сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың дайындалуын мұндай тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды дайындауға әкеп соқтырған себептердi жою үшін қажет мерзiмге тоқтата тұруға мiндеттi. Мұндай себептердi жою мүмкiн болмаған жағдайда сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың дайындалуын тоқтатуға, оларды айналымнан алып тастауға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзудi, кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастыруға; 7) тамақ өнiмдерiнің, материалдар мен бұйымдардың сақталуы мен тасымалдануын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге; 8) тамақ өнімдерiн, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау мен сақтау кезінде тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың тиiстi сапасын жоғалтуына және олардың қауiптi қасиеттерді сiңiруіне әкеп соқтырған бұзушылықтар туралы тиістi уәкiлеттi органдарға хабарлауға және оларды сараптамаға жiберуге; 9) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық сараптамалардың оң қорытындысы бар тамақ өнiмдерін, материалдар мен бұйымдарды өткізуге жол беруге; 10) егер тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың тиiстi сапаларының жойылуына әкеп соқтырған бұзушылыққа жол берiлсе және (немесе) олардың қауiптi қасиеттерi пайда болса, бұл жағдайда олардың өткiзiлуiн тоқтатуға оларды тұтынушылардан қайтарып алуды қамтамасыз етуге, сараптамаға жiберуге және олардың кәдеге жаратылуын немесе жойылуын ұйымдастыруға мiндеттi. 3-тарау. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 11-бап. Тамақ өнімдерiнiң, генетикалық түрлендiрiлген көздердiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсiздiгін қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар 1. Халықтың тұтынуына арналған тамақ өнiмдерi, генетикалық түрлендiрiлген көздер, материалдар мен бұйымдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық caлауаттылығы саласындағы уәкiлетті орган бекiткен нормативтік құжаттарға сәйкес келуге, физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, органикалық-лептикалық және физикалық-химиялық көрсеткiштер (химиялық, радиоактивтiк, биологиялық заттар мен олардың қосындылары және микроорганизмдердiң жол берiлген құрамы) бөлігiнде қойылатын талаптарға сай болуға тиіс. 2. Тамақ өнiмдерi, балалар тағамы өнiмдері, олардың тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы орамада (ыдыста) көрсетiлген нормативтiк құжаттар мен ақпаратқа сәйкес келуге тиiс. Диеталық және емдеу-профилактикалық тағам өнiмдері, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспалар арнайы мақсаттағы өнiмдерге жатады және олардың азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бекітiлген нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiн қасиеттерi мен сипаттамасы болуға тиiс. 3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұны Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлеген тәртiппен мiндеттi түрде фортификациялануға (байытылуға) тиіс. Витаминдi-минералдық кешендi құрамның нормалары, оның сапасы, қауiпсiздiгi, фортификациялау әдiстерi техникалық құжаттамаларға, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес келуге тиiс. 12-бап. Тамақ өнімдерiн, материалдар мен бұйымдарды әзiрлеу кезiнде олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар әзiрлейтiн техникалық құжаттамаға тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiн көрсеткіштерi, олардың жарамдылық мерзімдерi, орауға, таңбалауға қойылатын талаптар дайындалуы мен айналымының шарттары, олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн өндiрiстiк бақылау бағдарламалары, сынақтар әдiстемесi, сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою тәсiлдерi енгізуге тиiс. Техникалық құжаттама жобалары және тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың тәжiрибелiк үлгілерi шикiзатына қарай санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитарлық сараптауға жатады. Аталған жобаларды жеке және (немесе) заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы және (немесе) сараптама актісi болған кезде ғана бекiтедi және олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеледi. 2. Бекiтілген техникалық құжаттамадағы талаптар тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін мiндеттi болып табылады. 3. Шығарылатын тамақ өнімдеріндегі жекелеген ингредиенттерді ауыстыру сол өнімге арналған нормативтiк құжатқа келісiм берген уәкiлеттi органның рұқсатымен, нормативтік құжатқа тиістi өзгерістер енгізгеннен кейiн жүргізіледі. 13-бап. Тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды дайындау және өндiру кезінде олардың сапасы мен қауіпсiздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 1. Тамақ өнімдерiн, материалдар мен бұйымдарды дайындау және өндiру үшін сапасы мен қауiпсiздігі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетін шикiзат қолданылуға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |