Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 478 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй құрылысын одан әрi дамыту және Қазақстан Республикасы халқының қалың жiгiнiң тұрғын үйге қол жеткізуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бip ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шapaлap жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, басқа да iс әрекет жасаушы министрлiктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламаны iске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 28-күнінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы "___" _______
N _____ Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын
атауы дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған