№ 2364 тіркелген, "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімді жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 75
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
2004 жылғы 20 сәуірдегі № 61 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығымен күші жойылды
Бұйырамын:
1. № 2364 тіркелген, "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 75 (№ 2503 тіркелген 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 145) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта "жасау" деген сөзден кейін "және ұсыну" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесінде:
тақырыбында "жасау" деген сөзден кейін "және ұсыну" деген сөздермен толықтырылсын;
Ереже мәтінінде және қосымшаларда "шығындардың" деген сөз "шығыстардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"жасау" деген сөзден кейін "және ұсыну" деген сөздермен толықтырылсын;
"бюджеттік өтінімдердің" деген сөздер "бюджеттік өтінімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бюджеттік бағдарламаны" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалардың қажеттігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"оларды" деген сөз "оны" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"бюджеттік өтінімдерді" деген сөздер "бюджеттік өтінімді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мақсаты" деген сөзден кейін "бюджеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
"әкімшілері" деген сөз "әкімшісі" деген сөзбен толықтырылсын;
"бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының" деген сөздер "бағдарламалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"анықтаған" деген сөзден кейін "басымды бюджеттік" деген сөздермен толықтырылсын;