|
|
|
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесін бекіту туралы (2010.17.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
«Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 555 бұйрығын қараңыз «Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген
1. Осы Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi - су шаруашылығы құрылыстары) кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін реттейдi. 2. Су шаруашылығы құрылыстары су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мерзiмдерiне қарай оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келісім бойынша бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн. 3. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ашық тендерлер өткізу жолымен жүзеге асырылады. 4. Оларды нысаналы мақсаты бойынша одан әрi пайдалану су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға берудiң мiндеттi шарты болып табылады. Су шаруашылығы құрылыстарын мақсаттан тыс пайдалану жалға берушiнiң немесе сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының шешiмi бойынша жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шартын бұзу үшiн негiз болып табылады. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде мынадай: су пайдаланушылардың белгiлi бiр санаттарына суды субсидияланған тарифтер (субсидиялар мөлшерiне азайтылған) бойынша беру жөнiнде; технологиялық циклдың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде талаптар белгiленедi.
2. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру 5. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады. Су шаруашылығы құрылыстары бойынша жалға беру төлемiнiң есептік ставкаларын жалға беруші: республикалық меншiк объектiлерi бойынша уәкiлеттi органмен республикалық меншiкке билiк етуге уәкілеттi мемлекеттік органмен, табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті органмен келісім бойынша; коммуналдық меншiк объектілерi бойынша - облыстардың (Алматы және Астана қалаларының) коммуналдық меншiк департаменттерімен (басқармаларымен) және табиғи монополияларды және бәсекелестiктi қорғау саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен және уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерiмен келісім бойынша белгiлейдi және бекiтедi. 6. Республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының шаруашылық жүргізуiндегі немесе жедел басқаруындағы су шаруашылығы құрылыстарын жалға беруші ретiнде теңгерімде ұстаушы кәсiпорын әрекет етеді. 7. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру туралы шешiм уәкiлеттi органмен және республикалық меншiкке билік етуге уәкiлетті, табиғи монополияларды және бәсекелестiктi қорғау саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісім бойынша өткiзiлген тендер нәтижесi негiзiнде қабылданады. 8. Коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру туралы шешiм облыстардың (Алматы және Астана қалаларының) әкiмдерiмен және табиғи монополияларды және бәсекелестiкті қорғау саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiмен келісiм бойынша өткiзiлген тендер нәтижесi негізiнде қабылданады. 9. Тендер комиссиясы тендер ұйымдастырушы ретiнде әрекет етедi. 10. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру жөніндегі тендер комиссиясын жалға берушi оның құрамына уәкiлеттi органның, республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi, табиғи монополияларды және бәсекелестiктi қорғау саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiн енгiзiп, қалыптастырады. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру жөніндегі тендер комиссияның құрамын жалға берушi оның құрамына облыстар (Алматы және Астана қалаларының) әкiмдiгiнiң өкiлдерi табиғи монополияларды және бәсекелестiктi қорғау саласындағы қызметтi бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен уәкiлеттi орган аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiн енгiзiп, қалыптастырады. 11. Өтiнiш және тендер құжаттамасы құрамына енетiн басқа да құжаттарды берген жеке және заңды тұлғаларға су шаруашылығы құрылыстарын жалға беруге арналған тендерге қатысуға рұқсат етiледi. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беруге арналған тендер құжаттамасына қойылатын талаптар, тендерді дайындау, оны өткізу мен нәтижелерiн ресiмдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес белгiленедi. 13. Ұсыныстары тендер құжаттамасында қамтылған талаптарға сай және тендердiң шарттарын орындау жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдаған қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Тендер нәтижесi туралы хаттама негiзiнде жалға берушi тендер жеңiмпазымен тендер шарттарын орындау жөніндегі мiндеттемелердi шартқа енгiзiп, жалға беру шартын жасасады. Тендер жеңiмпазы тендер шарттарымен жалға беру шартын жасасудан бас тартқан жағдайда тендер комиссиясы, тендер жеңімпазынан кейін тендер бастамашысы үшін кімнің тендерлік өтініші ең жақсы шарт талаптарын ұсынған жеңiмпазды қалған тендерге қатысушылардың iшінен (егер қалғандары 2-ден кем болмаса) айқындайды не жаңа тендер өткізу туралы шешiм қабылдайды.
3. Cу шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру
15. Республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттік орган республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы, ал коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы болып облыстық (Алматы және Астана қалаларының) коммуналдық меншiк департаменттерi (басқармалары) әрекет етедi. 16. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi бойынша өткiзiлген тендер нәтижесi негiзiнде уәкілеттi органның және табиғи монополияларды және бәсекелестiктi қорғау саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келісімi бойынша, ал коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру - облыстардың (Алматы және Астана қалаларының) әкiмдерiнiң және табиғи монополияларды және бәсекелестiктi қорғау саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң келісімi бойынша жүзеге асырылады. 17. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстарын сенiмгерлiк басқаруға беру жөніндегі тендерлерге тек қана бір су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысы суғаратын, суландыратын, құрғататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі су пайдаланушылар, сондай-ақ осындай су пайдаланушылар бiрлестіктерi қатысушы бола алады. 18. Тендер өткізуге арналған тендер комиссияларын: республикалық меншiк объектiлерi бойынша республикалық меншікке билiк етуге уәкілетті мемлекеттік орган; коммуналдық меншiк объектілерi бойынша - облыстық (Алматы және Астана қалалары) коммуналдық меншiк департаменттерi (басқармалары) құрады. 19. Тендерлiк комиссияның құрамына республикалық меншiк объектiлерi бойынша - республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе облыстық (Алматы және Астана) коммуналдық меншiк департаменттерiнiң (басқармаларының), уәкiлеттi органның, табиғи монополияларды және бәсекелестiктi қорғау саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкілеттi органның, теңгерiм ұстаушы кәсiпорынның, сондай-ақ басқа да мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi енгiзiледi. 20. Республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе облыстық (Алматы және Астана) коммуналдық меншiк департаментiнiң (басқармасының) өкiлi тендер комиссиясының төрағасы болып табылады. 1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi; 2) тендер өткізу күнi туралы шешiм қабылдайды; 3) тендер шарттары мен жеңiмпазды таңдауға арналған өлшемдердi белгілейдi; 4) кепiлдiк жарна мөлшерiн белгiлейдi; 5) тендер өткізу туралы хабарлама жариялауды жүзеге асырады; 6) тендер өткiзедi; 7) тендер жеңiмпазын айқындайды; 22. Егер оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысса, тендер комиссиясының отырыстары құқылы болып табылады. Тендер комиссиясының шешiмдерi қатысушы комиссия мүшелерiнiң жай дауыс көпшiлiгiмен қабылданады, ал дауыс тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 23. Су шаруашылығы құрылыстарын сенiмгерлiк басқаруға беруге тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланған тендер өткізу күніне дейiн 15 күннен кешiктiрiлмей жариялануы тиiс, онда мынадай мәлiметтер қамтылуы тиiс: 1) тендер шарттары мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерi; 2) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы; 3) тендер өткiзiлетiн күнi, уақыты мен орны; 4) тендерге қатысуға өтiнiмдер қабылдау мерзiмi; 5) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртібі; 6) кепiлдi жарна мөлшерi мен оны енгізу үшiн банк деректемелерi (кепiлдi жарна мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiле алмайды). 24. Тендер құжаттамасы тендер комиссиясы белгiлейтiн тәртiппен қатысушының сұратуы бойынша жиынтықпен берiледi. 25. Тендер құжаттамасында мынадай негiзгi бөлiмдер қамтылуы тиiс: 1) тендер объектiсi туралы мәлiметтер; 2) өтiнiм және онымен бiрге берiлетiн құжаттар мазмұнына қойылатын талаптар; 3) тендер өткізу шарттары мен тәртібі; 4) тендерге қатысуға арналған өтiнiм нысаны. 26. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер өткізуге бiр күн қалғанда аяқталады. 27. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн тендер комиссиясы барлық ниет бiлдiргендерге тендер өткізу объектiлерi мен шарттары туралы ақпаратқа еркiн қол жеткізудi қамтамасыз етедi.
4. Cу шаруашылық құрылыстарын сенімгерлiк басқаруға беруге арналған тендер өткізу
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 28. Су шаруашылығы құрылыстарын сенiмгерлiк басқаруға беруге арналған тендерге қатысуға ниет бiлдiрген су пайдаланушылар мен су пайдаланушылар бiрлестiктерi белгiленген мерзiмде мыналарды: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келісімi мен тендер шарттарын орындау әрi тиiстi шарт жасасу жөніндегі оның мiндеттемелерi қамтылған тендерге қатысуға өтiнiмiн; 2) қаржылық және техникалық мүмкiндiктерiн, оның біліктiлiгiн растайтын құжаттарды; 3) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен су пайдаланушыларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөніндегі бизнес-жоспарын; 4) заңды тұлғалар үшін - құрылтайшылық құжаттардың (құрылтай шарты және жарғысы) көшірмелері және салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі; жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері; 5) салық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын; 6) кепiлдiк жарна енгiзiлгендiгiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн ұсынады. 29. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалар өтiнiмдерiн қабылдау мен тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргiзiледi. 30. Тендерге қатысушы ретiнде тiркеуден бас тартуға мыналар: 1) талап етiлетiн құжаттардың толық жиынтығы ұсынылмаса; 2) мемлекеттік бюджет алдында салық берешегi болса; 3) тендер шарттарында белгiленген талаптарды бұзып ұсынылған құжаттар болуы негiз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 31. Тендерге қатысушы: 1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхат негiзiнде өз өкiлдерi арқылы қатысады; 2) тендерге қойылатын су шаруашылығы құрылыстары бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды тегiн алады; 3) су шаруашылығы құрылыстарын алдын ала қарайды; 4) оның құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгінедi; 5) бұл туралы тендер комиссиясына ол өткiзiлерден үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлап, тендерге қатысуға өз өтiнiмiн қайтарып алады. 32. Егер өтiнiм қабылдау мерзiмi аяқталар сәтте (үшiншi және одан кейiнгi тендерлердi қоспағанда) бiр өтiнiмнен артық тiркелмесе, тендер өтпедi деп танылады. 33. Тендер өткiзiлетiн күнi оның отырысында комиссия мүшелерi тендерге қатысушылар ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жария етедi. Конверттердi ашу алдында комиссия мүшелерi олардың тұтастығын тексередi, бұл комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi. Конверттердi ашу және ұсыныстарды жария ету кезiнде тендерге қатысушылар немесе олардың өкілетті өкiлдерi қатысады. 34. Конверттер ашылған және ұсыныстар жария етілгеннен кейiн тендер комиссиясы ұсыныстарды талқылау мен оларды бағалау үшiн кеңесуге кетедi. Тендерге қатысушылар (олардың өкiлдерi) ұсыныстарды талқылау мен оларды бағалауға қатыспайды. Конкурстық өтiнiмдер бар конверттер ашылған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен асырылмайтын мерзiмде конкурс қорытындысы шығарылады. 35. Жеңiмпазды таңдау өлшемдерiне сай әрi ұсыныстары комиссия шешiмi бойынша тендер құжаттамасында қамтылған барлық талаптарға жауап беретiн және тендер шарттарын орындау бөлiгiнде ең тәуiрi болып табылған қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады. 36. Жеңiмпазда қажетті білiктiлiк деректерiнiң, су шаруашылығы құрылыстарын ұстау мен пайдалану үшiн техникалық және қаржылық мүмкiндiктерi болуы су шаруашылығы құрылысын сенiмгерлiк басқаруға беруге арналған тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерi болып табылады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 36-1-тармақпен толықтырылды 36-1. Тендерлік комиссия осы Ереженің 28-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді қабылдамаудың толық себептері көрсетілетін конверттерді ашу хаттамасын толтырады. Бұл жағдайда тендерге қатысушыға екі жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімді қабылдамау туралы, себептерін негіздей отырып, жазбаша хабарлама жібереді. Хаттамаға тендерлік комиссияның барлық мүшелері қол қойғаннан кейін хаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күні ішінде барлық тендерге қатысушыларға жіберіледі.
5. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу 37. Теңдер жеңiмпазын айқындайтын тендер комиссиясының қорытындысы немесе тендер қорытындысы бойынша өзге де шешiм барлық қатысқан комиссия мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға, сондай-ақ тендерде жеңген тұлға қол қояды. 38. Хаттамада мынадай деректер қамтылуы тиiс: 1) комиссияның құрамы; 2) тендер шарттары; 3) оларға сәйкес жеңiмпаз айқындалған өлшемдер; 4) тендерге қатысушылар туралы мәлiметтер мен олардың ұсыныстары; 5) тендер жеңiмпазы; 6) сенiмгерлiк басқару шартына қол қою жөніндегі тараптардың мiндеттемелерi. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 39. Тендер нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi жеңiмпазға тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде берiледi және оның сенiмгерлiк басқару шартын жасасуға құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 40. Тендер нәтижелерi туралы хаттама негiзiнде жеңімпазбен тендерге қатысу кезінде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптармен сенiмгерлiк басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жасалады. 41. Жеңiмпаз тендерге қатысу кезінде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптармен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендер комиссиясы қалған тендер қатысушылары iшiнен (егер қалғандар екеуден кем болмаса) жеңiмпазды айқындайды не жаңа тендер өткізу туралы шешiм қабылдайды. 1) егер тендерге қатысушы өз ұсынысынан бас тартса немесе оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгертсе; 2) теңдерге қатысу кезiнде мәлімделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптармен тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендер жеңiмпазына кепiлдiк жарна қайтарылмайды. Барлық басқа жағдайларда кепiлдiк жарна тендер аяқталғаннан кейiнгi 10 банк күнiнен кешiктiрiлмей қайтарылады, ал ақша шотқа тендер өткеннен кейiн түссе, онда ол түскен күннен бастап 10 банк күнi iшiнде қайтарылады. 43. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жасалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |