|
|
|
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов және Кеңес мүшелері Қ.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық басқармасының сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі П.А. Пақырдіновтің, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың, Республика Әділет вице-министрі С.Н. Баймағанбетовтің, Республика Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімгершілігі жөніндегі комитеттің төрағасы В.М. Борисовтың қатысуымен, өз бастамасы бойынша ашық отырыста Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысын қайта қарау туралы мәселені қарады. Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкованы және отырысқа қатысушыларды тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Конституцияның 79-бабының 1-тармағын түсіндірген кезде, Конституциялық Кеңестің қайта қаралып отырған қаулысының уәждеу бөлігінде мынадай деп атап көрсетілген: "Аталған Жарлықтың 8-бабының 1-тармағына сәйкес бірінші сатыдағы соттарда істерді қарауды судья жеке, ал ерекше жағдайларда тұрақты үш судьяның құрамында жүзеге асырады" (7-тармақтың екінші абзацы); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |