|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын: "20) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушілердiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттерiн орындауын бақылауды жүзеге асыру"; 10-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3) тармақшалармен толықтырылсын: "72-1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың алдын алу жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыруға қатысады; 72-2) сақтандыру рыногына қатысушылар мен агенттен олардың өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұратады; 72-3) сақтандырушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтарулары туралы iстердi қарайды". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |