|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 сәуірдегі
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгі құралдар тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-1, 38-2 және 38-3-жолдармен толықтырылсын: "38-1 Карточкаларды оқитын құрылғылары (карт- ридерлерi) бар төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын микрокомпьютерлер* 8471 30 000 0-ден 38-2 Импринтер - сату/сервис нүктелерiнде төлем карточкаларын қабылдауға арналған механикалық құрылғы; төлем карточкаларын дербестендiруге арналған құрылғылар; эмбоссер - төлем карточкасына ақпаратты таңбалап басу түрiнде енгізуге арналған құрылғылар* 8472 20 000 0-ден 38-3 Электронды депозитарлық машиналар - төлем карточкаларын пайдалана отырып, ұстаушылардың шотына депозиттер қабылдайтын құрылғылар; кэш-диспенсерлер; банкоматтар* 8472 90 800 0-ден". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |