|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгі 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат): 1) бүкiл мәтiн бойынша "почтаны", "почтаның" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-баптың бесiншi бөлiгi алып тасталсын; үшiншi бөлiктегi "темір жолдар" деген сөздер "темір жол желiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi бөлiктегi "темір жолдардың қызметi аз учаскелерi" деген сөздер "кiрме жолдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 6-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттік стандарттарды әзiрлеуге қатысу;"; 5) 9-баптың алтыншы бөлiгi "пайдаланғаны" деген сөздiң алдынан "магистралдық темір жол желісін" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Темір жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат): 1) мәтiніндегі "почта", "почтаны" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерi" деген сөздермен; "темір жол көлiгi ұйымдарымен", "темір жол көлiгi ұйымы", "темір жол көлiгi ұйымдарын", "темір жол көлiгi ұйымдары" деген сөздер тиiсiнше "тасымал процесiне қатысушылармен", "тасымал процесiне қатысушы", "тасымал процесiне қатысушыларды", "тасымал процесiне қатысушылар" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) вагон - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;"; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) темір жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жолдық дамуы бар, магистралдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;"; 8) тармақшаның үшiншi және төртiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлi облыстарындағы жөнелту және межелi пункттерi арасындағы тасымалдау; ауданаралық (қалааралық) - бір облыс шегіндегі елдi мекендер арасындағы тасымалдау;"; мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын: "iшкi - қала (аудан) iшiнде және қала маңында тасымалдау;"; мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын: "12-1) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған бірнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы; 12-2) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздерде иелiк ететiн тұлға;"; 13) - 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "13) магистралдық темір жол желісі - магистралдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистралдық темір жол инфрақұрылымы; 14) магистралдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпы пайдаланудағы темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темір жол станцияларын қосатын темір жолдар; 15) Ұлттық темір жол компаниясы - құрылтайшысы (бірден-бір қатысушысы) мемлекет болып табылатын магистралдық темір жол желісін күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темір жол желісі қызметтерiн көрсететiн ұйым;"; мынадай мазмұндағы 15-1), 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын: "15-1) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы және әскери тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы;"; "16-1) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде осы вагондарды (контейнерлердi) пайдалана отырып, тасымал процесiн жүзеге асыруға қатысатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға; 16-2) локомотивтiк тартқыш операторы - локомотивтi күтiп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсетуге сертификаты бар тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi;"; 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "17) магистралдық темір жол желісінiң операторы - мемлекет магистралдық темір жол желісі қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн құрған ұйым;"; 18) тармақша алып тасталсын; 22), 25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "22) темір жол көлiгіндегі тасымалдаушы (бұдан әрi тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы;"; "25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темір жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары; 26) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистралдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар;"; мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын: "26-1) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдар - тасымалдау ережелерiне сәйкес, тасымалдау процесiне қатысушыларға тиесiлi және багажды, жүктердi, жүк-багажды тиеу (түсiру), сұрыптау, сақтау жөніндегі операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын темір жол станциясы аумағында да, одан тысқары жерлерде де арнайы бөлiнген темір жолдар;"; 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "28) тасымалдау ережелерi - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;"; мынадай мазмұндағы 30-1) және 33-1) тармақшалармен толықтырылсын: "30-1) әлеуметтiк мәнi бар қатынастар - әлеуметтiк мәнiн: облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкіметі; ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;"; "33-1) тасымалдау - багажды, жүктердi, жүк-багажды жөнелту пунктiнен межелi пунктiне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистралдық темір жол желісі операторының, локомотивтiк тартқыш операторының өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;"; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "34) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасында көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;"; мынадай мазмұндағы 35) - 39) тармақшалармен толықтырылсын: "35) локомотивтiк тартқыштың қызметтерi - темір жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; 36) магистралдық темір жол желісінiң қызметтерi - магистралдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; 37) кiрме жолдардың қызметтерi - кiрме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер; 38) тасымал процесiнiң қатысушысы - темір жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға, соның iшiнде тармақ иеленушi, контрагент және клиент; 39) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымал төлеушісі ретінде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға."; 3) 2-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы "тасымалдаушылар мен темір жол көлiгi ұйымдарының" деген сөздер алып тасталсын; 4) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Өзiнiң тартқыш көлiгi (локомотивi) жоқ тасымалдау процесiне қатысушы локомотивтiк тартқыштың операторымен жасалған шарт негiзiнде локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi пайдаланады."; 5) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Магистралдық темір жол желісі Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темір жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темір жол компаниясына берiледi."; 2-тармақтағы "магистралдық темір жол желісін пайдаланғаны" деген сөздер "магистралдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Магистралдық темір жол желісінiң операторы магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желісін пайдалануға бірдей құқық беруге мiндеттi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткізу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темір жол желісін пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiнде көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады."; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады."; 7) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын: "6-1-бап. Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады."; 8) 8-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi бірiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi."; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы көрсететiн қызметтердiң бағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жолаушылардың ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы."; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады."; 1-тармақта: 6), 10) - 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "6) магистралдық темір жол желісіне кiретiн магистралдық жолдардың тiзбесiн бекіту;"; "10) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртібін айқындау; 11) тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережелерiн бекіту; 12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау;"; 13) және 16) тармақшалар алып тасталсын; 2-тармақта: 3), 9) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "3) магистралдық темір жол желісінiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерінiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;"; "9) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекіту;"; "15) темір жол көлiгіндегі қауiпсiздiк ережелерiн бекіту;"; мынадай мазмұндағы 16) - 27) тармақшалармен толықтырылсын: "16) экспедиторлар қызметiнiң тәртібін айқындау; 17) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметiнiң тәртібін айқындау; 18) локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсыну тәртібін айқындау; 19) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарға қойылатын талаптарды айқындау; 20) магистралдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту; 21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту; 22) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн шикiзатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсау нормативтерiн бекіту; 23) тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту; 24) бәсекелес кiрме жолы жоқ тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа тұлғалардың кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту; 25) кiрме жолдардағы жұмыс ережелерiн бекіту; 26) қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оны пайдалану режимiн айқындау және жердi бөлiнген белдеуде темір жол көлiгiнiң қажетi үшiн пайдалану жөніндегі ережелердi бекіту; 27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындау жатады."; 3-тармақтың 1) тармақшасындағы "қала маңында" деген сөздер "ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда" деген сөздермен ауыстырылсын; "немесе өзге де мүдделi тұлға" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісі операторының функциясын орындайды."; 3-тармақ алып тасталсын; 12) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын: "15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы 1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi."; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темір жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. 2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темір жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган айқындайды."; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. Темір жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi."; 5-тармақ мынандай редакцияда жазылсын: "5. Тасымалдау процесiне қатысушылар қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзғаны және олардың зардаптары үшiн (қоршаған ортаның ластануы, поездар жүрiсіндегі үзiлiстер және басқалары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады."; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсету кезiнде оның жарамды жай-күйiн, соның iшiнде пайдалануға технологиялық дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi."; 15) 32-баптың 2-тармағы "кәсiби даярлық деңгейiн" деген сөздерден кейiн ", лауазымға (кәсiпке) қойылатын біліктiлiк талаптарын" деген сөздермен толықтырылсын; 16) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн қамтамасыз етуге мiндеттi."; 17) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі 10-шараларды жүргiзуге, төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн енгiзуге байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi."; 1-тармақта: бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жүк тасымалдау ережелерi жалпы ережелердi қамтиды, сондай-ақ мыналарды:"; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "12) вагондарды беруге-алып кетуге шарттар жасасу және осындай шарттардың мiндетті талаптары;"; 2-тармақта "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын; "Тасымалдаушылардың" деген сөз алып тасталып, "жүк" деген сөз бас әрiппен жазылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы кеден органдарымен келісілген ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарда жүктi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымал процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кедендiк тексерiп қарау актiсi көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылады. Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитарлық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және кеден органдарының не өзге де мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi."; 5-тармақ "жүк алушыға" деген сөздерден кейiн "немесе экспедиторға" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша "экспедитордың" деген сөзден кейiн "және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша "жүк алушы" деген сөздерден кейiн ", экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы" деген сөздермен толықтырылсын; 21) 45-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "45-бап. Вагондарды, контейнерлердi беру және алып кету 1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге вагондарды, контейнерлердi қабылданған өтiнiмде және (немесе) шартта белгiленген мерзiмдерде жүк тиеуге беруге және оларды алып кетуге мiндеттi. Берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдау ережелерiне сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуға тиiс. Вагондарды, контейнерлердi тиеуге дайындау вагондар мен (немесе) контейнерлер меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi болатын тұлғаның есебiнен және тасымалдау ережелерiне сәйкес айқындалатын мерзiмдерде жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады."; 22) 47-баптың 5-тармағындағы "жүктiң келуi туралы хабарлама жiберiлген" деген сөздер "жүк берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын: "49-бап. Темір жолдарда вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны және олардың бос тұрғаны (кiдiртiлгенi) үшiн төлем 1. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, тармақ иеленушi вагондардың, контейнерлердiң өздерiнде болған уақыты үшiн, тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн қажеттi уақытты қоса алғанда, тасымалдаушыға вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн тасымалдау ережелерiнде белгiленген төлем жасайды. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 2. Жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың, тармақ иеленушiлердiң кiнәсiнен магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда тиеуге (түсiруге) қажеттi уақыттан артық вагондардың бос тұрғаны және контейнерлердiң кiдiртiлгенi үшiн олар аталған темір жолдарды босатпаған уақыты үшiн тасымалдаушының магистралдық темір жол желісінiң операторына төлеген шығыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi."; 1-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "оларды," деген сөз "жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды" деген сөздермен ауыстырылсын; "осындай кедергiлер туындаған кезден бастап бір тәулiк iшiнде" деген сөздер "жасалған шартқа сәйкес, дереу телеграф арқылы немесе өзге тәсiлмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ "жүк жөнелтуші" деген сөздерден кейiн "немесе жүк алушы" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы "тасымал көлемiне" деген сөздер "жүк айналымына" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ "салу" деген сөзден кейiн "немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы "оны иеленушiлердiң" деген сөз "тармақ иеленушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Жаңа салынып жатқан кiрме жолдар жалғасқан немесе пайдаланылып жүрген кiрме жолда тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда, кiрме жолдар, темір жол станцияларын салу, магистралдық темір жол желісінiң бұрыннан бар темір жол станцияларын дамыту құрылыс бастамашысының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн."; 27) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын: "57-1-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсету 1. Тармақ иеленушiлер жылжымалы құрамды өткізу, оның тұруы, вагондарды, контейнерлердi беру-алып кету және кiргiзу-шығару үшiн, жүктердi қабылдау, тиеу (түсiру), беру жөніндегі операцияларды, маневрлiк жұмыстарды және өзге де операцияларды жүзеге асыру үшiн тасымалдау процесiне қатысушыларға кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөніндегі шарттың негiзiнде кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге құқылы. 2. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем алады. 3. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсетудi тасымал процесiне қатысушылардың тең құқықпен пайдалануын қамтамасыз етуге мiндеттi."; 28) 58-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: "1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы кiрме жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын, сондай-ақ тиеу (түсiру) жөніндегі қызметтi жүзеге асыру және маневрлiк жұмыс кезiнде қауiпсiздiк талаптарының сақталуын тексеруге құқылы. 2. Мемлекеттік көлiк бақылау органы, магистралдық темір жол желісінiң операторы кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгiне, жылжымалы құрамның, контейнерлердiң, жүктiң сақталуына қатер төндiретiн ақаулар тапқан жағдайда, анықталған бұзушылықтар туралы акт жасайды. Тармақ иеленушi аталған актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметiн көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi. Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймаған жағдайда, магистралдық темір жол желісінiң операторы кiрме жолдарға жылжымалы құрамды берудi және оны алып кетудi тоқтатуға құқылы."; 29) 60 және 64-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "60-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарттар 1. Тасымалдау процесiне қатысушылардың кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөніндегі өзара қатынастары шартпен айқындалады. 2. Тармақ иеленушi бір жақты тәртiппен: 1) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарт талаптарын өзгертуге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |