|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен (2007.23.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: реттiк нөмiрi 27-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату"; реттiк нөмiрi 31-1-жолдың 3-бағанындағы "этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа), сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату," деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада: "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген I-бөлiмнiң 14-тармағындағы "этил спиртін сақтау мен сату," деген сөздер алынып тасталсын. 2. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялаудың тәртібінде: 4-тармақтың д) тармақшасындағы "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздер алынып тасталсын; 8-тармақ алынып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 2007.23.08. № 733 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2007.19.07.ж. № 610 қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1127 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |