ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 ж. 28 маусымдағы № 506 бұйрығымен бекітілген "Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын 1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) меншік түріне қарамастан, пайдаланылады деп қарастырылған барлық ағынды және су қоймаларындағы суды халықтың шаруашылығына және демалу орындарында ауыз су ретінде пайдаланумен шұғылданатын ұйымдар мен жеке және заңды тұлғаларға таралады. 2. Осы санитарлық ережелердің талаптарын сақтауды ұйымның бірінші басшысы мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді. 3. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер анықтамалар қолданылды: 1) бьеф - су алатын көзден (плотинадан, шлюзден) ағысы бойынша жоғары немесе төмен орналасқан су қоймасының, өзеннің, каналдың бір бөлігі; 2) суды қорғау аумағы - су көзінің ластанбауын, сарқылмауын, бітеліп қалмауын болдырмау үшін ондағы жүргізілетін шаруашылық қызметіне арнайы тәртіп қарастырылатын, су нысандарына және су шаруашылығына байланысты ғимараттарға жақын орналасқан аумақ; 3) суды қорғау жолағы - су нысандарына және су шаруашылығына байланысты ғимараттарға жақын орналасқан жерде, шаруашылық жүргізу тәртібіне шектеу қойылған суды қорғау аумағының шегіндегі ені 20 метрден кем емес аумақ; 4) суды пайдалану - суға деген өзінің және (немесе) коммерциялық керектілігін қанағаттандыратын жеке және заңды тұлғалар үшін, Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығымен анықталған тәртіп бойынша, су ресурстарын қолдану; 5) судың белгіленетін деңгейі - жыл сайын қайталанып отыратын судың өзендердегі мезгілдік деңгейі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|