|
|
|
Экологиялық аудиттi лицензиялаудың және жүргiзудiң кейбір мәселелерi туралы (2005.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007.05.06. № 457 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктiлік талаптары; 2) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi; ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Экологиялық аудитті жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 23 тамыздағы № 889 қаулысымен бекітілген Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары 1. Жеке тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар кiредi: 1) жоғарғы кәсіптiк немесе орта кәсiптiк білім; ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесінің болуы (тиiсті лицензияны қоса бере отырып); 3) экологиялық аудитор біліктiлiк куәлiгiнің нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) тиiстi материалдық-техникалық база: экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника; тiркелген сынау зертханасы бар ұйыммен шарт; экологиялық аудиттi жүргізу үшін қажетті анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтік-техникалық құжаттар; ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) аттестациядан өткенін растайтын құжат. 2. Заңды тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар кіреді: 1) ұйым басшысында жоғарғы кәсіптік бiлімінiң болуы; ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесiнiң (тиiстi лицензияны қоса бере отырып), экологиялық аудиторлардың біліктiлiк куәлiктерiнің және осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн екі маманның болуы; 3) тиiстi материалдық-техникалық база: экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника; экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн қажеттi анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттар; тiркелген сынау зертханалары немесе тиiсті зертханалары бар ұйымдармен шарт. Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 889 қаулысымен бекiтілген Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрі - Ереже) заңды және жеке тұлғаларға экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына олар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда берiледi. 3. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi. 4. Экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны біліктiлiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi. 5. Лицензия қатаң есептiлік құжаты болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бір данада ресiмделедi. 6. Лицензияны алу үшiн өтiнiм иесi лицензиарға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша белгiленген үлгiдегі өтiніштi ұсынады. Өтiнішке мыналар қоса берiледi: 1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы куәліктiң көшiрмесi; 2) жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғаның жеке басы куәлігінің көшiрмесi; 3) салық төлеушi куәлiгiнің көшiрмесi (СТН); 4) бюджетке лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат; 5) өтiнiш иесiнің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар; 6) осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi нотариалды расталған болуы тиiс. 7. Лицензиялар, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбеген болса, барлық қажетті құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап - бiр ай мерзiмнен кешіктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешіктiрмей берiледi. 8. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкiлеттік берiлген адам қол қояды және ол лицензиардың мөрiмен расталады. 9. Лицензия өтiнiш иесiне немесе оның уәкілеттік берiлген өкiлiне сенiм хат негiзiнде беріледi. 10. Лицензияны беруден бас тарту, лицензияны керi қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Лицензияланатын қызметті бақылау 11. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 12. Біліктілік талаптарының сақталуын тексеру лицензияны қолдану мерзiмi iшiнде заңнамада белгiленген тәртіппен жүргiзiледi. Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмағаны туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып тексеру актісi жасалады. Бұзушылықтарды көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, тексеру актiсінің негiзiнде лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды. Лицензиат лицензиарға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жою туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 889 қаулысымен бекiтілген ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Экологиялық аудиттi жүргiзу ережесi 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Ереже "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және заңнамада белгiленген тәртiппен экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудит жүргiзу тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Экологиялық аудиттi жүргізу тәртібі 3. Экологиялық аудит мынадай бiрнеше кезеңде жүргiзiледi: 1) экологиялық аудиттiң мақсаттарын белгiлеу; 2) тексерiлетiн адамның құжаттамасын алдын ала талдау; 3) экологиялық аудиттi жүргiзуге шарт жасасу; ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) аудит жүргiзу жоспарын жасау; 4) экологиялық аудиттi жүргiзу; ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) шаруашылық жүргiзуші субъектінің менеджмент жүйесi жөнiндегі құжаттама; 2) экологиялық аудит жөніндегi алдыңғы қорытындылар; ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) аудиторға экологиялық аудитті жүргiзу мүмкіндігін анықтау үшін қажетті техникалық құжаттама. ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Экологиялық аудит нәтижелерi бойынша аудитор экологиялық аудиторлық есеп жасайды. ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |