|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгін жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде: мынадай: деген жолдағы "Лауазымы" деген бағанда "Министрлердiң орынбасарлары*" деген сөздер "Вице-министрлер" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: мынадай: деген жолдағы "Лауазымы" деген бағанда "бақылау" деген сөзден кейiн ", төтенше жағдайлар жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай: деген жолдағы "Лауазымы" деген бағанда "нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі;" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: мынадай: деген жол мынадай редакцияда жазылсын: мынадай: деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: көрсетiлген жолдардан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: 1-тармақта: үшiншi абзацта: мемлекеттік тілдегі мәтiнде "Премьер-Министрдiң жетекшiлiк етушi орынбасарына алдын ала келiсуге беріледi, ол бұрыштама соққан соң Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына (бұдан әрi - Кеңсе Басшысы) енгізiледi" деген сөздер "алдын-ала келiсу үшiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына (бұдан әрi - Кеңсе Басшысы) берiледi" деген сөздермен ауыстырылсын; "қайтарылады" деген сөз "қайтарылуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы "Үкiмет мүшелерi" деген сөздерден кейiн "немесе агенттiктердiң төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтағы "Әкiмшілігінiң Кадр жұмысы бөлiмiне" деген сөздер "Әкiмшiлігінiң Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын; "Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, кеден қызметi, қаржы полициясы органдары бойынша" деген тараудың тақырыбы "полициясы" деген сөзден кейiн ", Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiк" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Премьер-Министрдiң немесе Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының нұсқауы бойынша мынадай лауазымдарға кандидатуралар Премьер-Министр Кеңсесiнің қорғаныс және құқықтық тәртiп, заң, кадр жұмысы бөлiмдерiнде алдын ала зерделенуге жатуы мүмкiн: iшкi iстер вице-министрлерi, Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасарлары - Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрлігі комитеттерiнiң төрағалары және төрағаларының орынбасарлары, IIМ орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, облыстар, Астана, Алматы қалаларының, көлiктегi ҚIIБ (IIБ), IIМ Академиясының бастықтары; әдiлет вице-министрлерi, Әдiлет министрлiгі комитеттерiнiң төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары, Әділет министрлігінiң "Cот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң директоры, облыстар, Астана және Алматы қалалары әдiлет департаменттерiнiң бастықтары, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармаларының бастықтары; Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, орталық аппараты департаменттерiнiң, облыстар, Астана және Алматы қалаларының кедендiк бақылау департаменттерiнiң бастықтары; Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) төрағасы және төрағасының орынбасарлары, орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, облыстық, Астана және Алматы қалалары қаржы полициясы департаменттерiнiң және көлiктегi қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінiң (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясының бастығы; Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттіктiң төрағасы, төрағасының орынбасарлары, орталық аппараты департаменттерiнiң, облыстық, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларының директорлары бастықтары; облыстар, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік өртке қарсы қызметi бас басқармаларының (басқармаларының) бастықтары; Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалалары ақпарат басқармаларының бастықтары. Зерделеу қорытындылары келісім беру мүмкiндігі немесе мүмкiн еместігі туралы қорытынды түрiнде ресiмделедi және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына берiледi. Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысымен келісім бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша Президент Әкiмшiлiгіне хат жiберіледi."; екiншi абзацта: "Әкiмшілігінiң Кадр жұмысы бөлiмiнен", "Әкiмшiлiктiң Кадр жұмысы бөлiмiне" деген сөздер тиiсiнше "Әкiмшiлiгiнiң Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасынан", "Әкiмшiлiктiң Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын; ", Экономика, Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым" деген сөздер алынып тасталсын; ", Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Премьер-Министр" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi аппараттарының басшылары, қалалардың, аудандардың және қалалардағы аудандардың әкiмдерi лауазымдарына кандидаттар Премьер-Министрдiң нұсқауы бойынша оған әңгiмелесуге шақырылуы мүмкiн."; үшiншi абзац "кандидатпен" деген сөзден кейiн "Премьер-Министр Кеңсесiнде" деген сөздермен толықтырылсын; төртiншi абзацтағы "Әкiмшілiгiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне" деген сөздер "Әкiмшiлiгінiң Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |