Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесін бекіту туралы Қазақстан
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 311 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын, "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 289 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесі бекітілсін. 2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) Әкімшілік департаментімен (Акрачкова Д.В.) бірлесіп, белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) белгіленген заңнамалық тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін. 3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 634 бұйрығымен бекітілген Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және балаларды балаларға арналған және шипалы тағамдармен тегін қамтамасыз ету шеңберінде емшек сүтін алмастырғыштарды сату тәртібін регламенттейді. 2. Осы Ережеде емшек сүтін алмастырғыш деп емшек сүтін ішнара немесе толығымен алмастыру үшін өзге тәсілмен сатылатын немесе ұсынылатын өнім түсіндіріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|