Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісім (Құлжа қ., 2004 ж. 24 қыркүйек)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы
Үкіметінiң арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының
халықаралық орталығын құру туралы негiздемелiк келісім
(Құлжа қ., 2004 ж. 24 қыркүйек)

ҚР Үкіметінің 2005.04.03. № 204 қаулысымен бекітілді

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, Тараптар мемлекеттерінің егемендiгi мен аумақтық тұтастығын құрметтей отырып, бәсекеге қабілеттіліктi арттыруға ықпал ететiн кәсiпкерлiк және инвестициялық ортаны құру қажеттігiне сенiмдi бола отырып, екi жақты сауданы жандандыру мақсатында өзара тиiмділiк қағидатын басшылыққа ала отырып,

шекара маңы саудасы мен Тараптар мемлекеттерiнің шектес шекара маңы аумақтарындағы экономиканы дамытуға, рынокты халықтың түрлi жiктерiнiң сұранысын қанағаттандыратын тауарлармен толтыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, мына төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

1. Тараптар "Хоргос" (ҚХР) - "Қорғас" (ҚР) шекара маңы өткізу пункттерiнде Тараптар мемлекеттерi бөлген шектес аумақтарда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын (бұдан әрi - "Қорғас" орталығы) құруға келiсті.

2. "Қорғас" орталығының қазақстандық бөлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасы әрекет ететiн Қазақстан Республикасының заңды құқығында, ал "Қорғас" орталығының қытайлық бөлiгi Қытай Халық Республикасының заңнамасы әрекет ететiн Қытай Халық Республикасының заңды құқығында болады.

"Қорғас" орталығындағы шаруашылық қызметтің кез келген түрi олар аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттiң ұлттық заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
400 тг