|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ережеде: 7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларда: ветеринариялық емдеу-алдын алу; ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату; жемшөптiк қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрсiз, минералдық-витаминдік азықтарды өндiру және сату; ветеринариялық мақсаттағы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, зоогигиеналық заттарды және зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды сату; мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау; базарларда жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау; зертханалық-диагностика қызметi; 2-2) мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды: Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды тіркеу сынағынан, байқаудан өткiзудi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды жарнамалау кезiнде олардың серияларын (топтарын) бақылауды; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюды; мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды; ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорындарда;"; 8-тармақта «7-тармағының 1), 2),»деген сөздерден кейiн «2-1), 2-2),»деген сандармен толықтырылсын; 9-тармақта «тарауының» деген сөз тарауының 3) тармақшасын қоспағанда,»деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |