Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2065 нөмірімен тіркелген
ҚР Бас Прокурорының 2010 жылғы 1 қазандағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жақсарту мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармақшасын басшылыққа алып, Бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 21.11.2002 жылғы № 60 «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» (Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2065 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» басылымының 53 нөмірінде және «Юридическая газета» басылымының 52 нөмірінде 2002 жылдың 25 желтоқсанында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» нұсқаулығына: 3 тармақ мынадай редакцияда 6 тармақшамен толықтырылсын: «6) кәмелетке толмағандар туралы заңдылықтың қолданылуына.»; 4 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бас Прокурордың немесе жетекшілік ететін орынбасарларының тікелей тапсырмаларынсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық дауларына прокуратура органдарының араласуына және азаматтардың мүддесінде негізсіз талаптар беруге жол берілмесін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|