|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2008.12.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; ҚР Үкіметінің 2008.12.05. № 437 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 6. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 ақпандағы № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 6, 69-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен ереже алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы ереже
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң құрылымы
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен құрылым алып тасталды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесi. 2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. ҚР Үкіметінің 2008.12.05. № 437 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
1. «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 2. «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 3. «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 4. «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 5. «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |