|
|
|
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнiң Төтенше (2005.30.06 . берілген өзгерістерімен )
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттің негiзгi міндеттерi өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгiн, қауiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздiгiн және оны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қадағалау, өрт сөндiрудi ұйымдастыру болып табылады. Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады. 8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлiк субъектілерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Комитеттiң негiзгi функциялары мен құқықтары 9. Өзiне жүктелген міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады: ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 1 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында: өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын, сондай-ақ тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы және газдан құтқару қызметтерi мен құрамаларын басқарады; заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт қауіпсiздігін қамтамасыз етедi; авариялардың, өрттердiң және өндiрiстік жарақаттанудың себептерi мен жағдайларын талдайды; өрт және өрт қауiпсiздiгi ережелерін бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүргізеді; қауіптi өндiрістік объектілердi есепке алуды жүргiзедi; төтенше жағдайлар, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегi шараларды қабылдайды; 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау және қадағалау саласында: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өнеркәсіп және өрт қауіпсiздiгi, қауiптi өндірістік объектілердегi еңбек қауіпсiздiгi және оны қорғау, өнеркәсіпте жұмыстарды қауіпсiз жүргiзудi қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады; мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өрт қауіпсiздiгі мәселелерi жөнінде мемлекеттік басқару органдары кесiмдерінің орындалуын бақылайды, әкiмшілік өкілдерінiң қатысуымен өртке қарсы талаптардың, стандарттардың, нормалар мен ережелердiң орындалуын тексередi; қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектілердi иеленушілердің қызметi үшіншi тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектілердi иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегi міндеттердi орындауын және олардың заңнамада белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады; қауіпті өндiрiстiк объектілердiң технологиялық процестерiнде пайдаланылатын бiртектi өнімдер мен жабдықтарды (процестердi, қызметтердi) сертификаттаудың болуын, өндiрiстердiң, технологиялардың жасалуы мен пайдаланылуына рұқсаттар берiлуiн бақылайды; қауiпсiздiгi жөнiнде жоғары талаптар қойылатын машиналардың, тетiктер мен жабдықтардың, сондай-ақ жарылуға қауiпсiз орындалған электр техникалық бұйымдардың жасаушы зауыттарда, жөндеу кәсіпорындарында әрi пайдалану кезiнде өрт және өнеркәсіп қауіпсiздігі стандарттарына ережелерi мен нормаларына сәйкестiгін тексередi; қауiптi өндiрістік объектілердi пайдалануға қабылдау ережелерiнiң сақталуын бақылайды, өнеркәсіптiк жарылғыш материалдардың, жабдықтардың жаңа үлгілерінің сынақтарын өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады, қауiпті өндiрістік объектілердiң технологиялық процестерiнде пайдаланылатын өнiмдер мен жабдықтарды (процестерді, қызметтердi) сертификаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; қауіптi өндiрiстiк объектілердегi авариялар мен өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алу жөніндегі iс-шаралардың әзiрленуi мен жүргiзiлуiн, ықтимал авариялар мен олардың салдарларын жоюды ұйымдастыруға даярлықты қадағалауды жүзеге асырады; ғимараттарды, құрылыстарды салу мен қайта құру және елдi мекендерде құрылыс салу кезiнде құрылыс нормалары мен ережелерінде, нұсқауларда, техникалық шарттарда, мемлекеттік стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды жобалау ұйымдарының сақтауын қадағалауды жүзеге асырады; ұқсатылған тау-кен әзiрлемелерін және табиғи жер асты қуыстарын шаруашылық мақсаттарда және минералдық шикiзатты өңдеуде пайдалану кезінде тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын қауіпсiз жүргiзудi геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етудi қадағалауды; тау-кен жұмыстарының қауiпсiз жүргiзiлуi шекарасын айқындаудың дұрыстығын, сондай-ақ шахталар мен кеніштерге сулардың, зиянды және қауіптi заттар ағынының өтуін алдын алуды тексерудi жүзеге асырады; меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардағы аварияларды жоюға әскерилендiрiлген тау-кен, бұрқаққа қарсы, газдан құтқарушы қызметтер мен құрамалардың жедел және техникалық даярлығын, олардың алдын алу, құтқарушылық және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуін бақылайды; елдi мекендер мен объектілердің өртке қарсы бөлімшелерінің даярлығын бақылайды; ұйымдарда тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының орындалуын, учаскелер үшiн пайдалы қазба кен орындарын әзiрлеуге техникалық және жергіліктi жобалардың сақталуын, минералдық шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөніндегі объектілердi жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың құрылысын салу мен қайта жаңартуға арналған жобаларды, өнеркәсіп қауіпсiздiгi бөлiгiнде тау-кен әзiрлемелерін консервациялау және жою кезінде зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмудi және ағынды су төгінділерін бақылайды; қауiптілігi жоғары өнiмдердi (процестердi, қызметтердi) сертификаттау жөніндегі ұйымдар және сынақ зертханаларының (орталықтарының) сертификаттау ережелерін сақтауын тексередi, олардың техникалық құзыреттілiгiн белгілейдi; қауіптi өндiрiстiк объектілерде нұсқаманың, персоналды оқытып-үйретудiң, жұмысқа жiберудiң белгіленген тәртібінiң сақталуын, мамандарда тау-кен, бұрғылау, жарылыс, маркшейдерлiк, электр техникалық, газбен және басқа да жұмыстарға басшылық жасауға құқық беретiн құжаттардың, ал қызметкерлерде жарылыс, газ қаупі бар және қауiптiлiгi жоғары басқа да жұмыстарды жүргізу құқығына құжаттардың болуын тексередi; өрт және өнеркәсiп қауіпсiздiгi ережелерi мен нормаларын бiлуiне тексеру жүргізеді; ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 220 Қаулысымен 3 тармақша өзгертілді 3) мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларды реттеу саласында: төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік сараптамаға басшылық жасайды және қажет жағдайларда халықаралық сараптама ұйымдарын тарта отырып, тәуелсiз сараптаманы ұйымдастырады; стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі органдармен бiрлесiп, қауіптілiгi жоғары өнiмдердi (процестердi, қызметтердi) сертификаттау жөніндегі ұйымдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарды) аккредиттеудi жүргiзедi; аттестаттауды жүргiзедi, өнеркәсіп, өрт қауіпсiздiгі және авариялық-құтқару жұмыстары саласындағы лицензиялау мен сертификаттауды жүзеге асырады, тиiстi жұмыс түрлерін жүргiзуге жеке және заңды тұлғаларға белгіленген үлгiдегi рұқсаттар мен қорытындылар бередi; қадағалаудағы салалардағы жұмыс iстеуi ықтимал тәуекелмен байланысты технологияларды, машиналарды, тетiктердi және басқа да бұйымдарды (соның ішінде импорттық) әзiрлеуге, жасауға, сынауға және қолдануға өрт, кен-техникалық қадағалау органдарының қорытындыларын және рұқсаттар бередi; Қазақстан Республикасының аумағындағы әскерилендiрілген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқарушы қызметтер мен құрамалардың жарғыларын, ережелерi мен көшіру схемаларын қарайды және келіседi; пайдалы қазбаларды немесе олардың бөліктерін, мұнай, газ, гидротермалдық және минералдық ұңғымаларды өндiру жөніндегi ұйымдарды тарату мен консервациялау бойынша жұмыстардың қауiпсiздiгi бөлiгіндегі арнайы жобаларды келiседi; өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды келіседi; ұйымдардағы тау-кен жұмыстарының ағымдағы және перспективалық даму жоспарын келiседi. өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiседi 10. Комитет өзiнiң негізгі мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін: 1) мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға төтенше жағдайлардың алдын aлу, Азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындау, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгі, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегі еңбек қауiпсiздiгі және оны қорғау ережелерiн бұзушылықтарды жою жөнiнде міндеттi күшi бар нұсқамалар бepугe; 2) жабдықтардың, бұйымдардың, заттардың, материалдардың жарылу, өрт қауiптiлiгін анықтау үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiнен өткiзiлуi мiндеттi бақылау сынақтарын тағайындауға; 3) жер учаскелерiн таңдау және кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды қабылдау жөнiндегі комиссияларға қатысуға; 4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтердi сұратуға және алуға; 5) өрттің шығуына ықпал ететiн жағдайларды, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылуын жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға және ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға орындалуы мiндеттi ұсынымдар мен нұсқамалар енгiзуге; 6) заңнамада әкiмшiлiк жауапкершілiк көзделген өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережелерiн және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк кесiмдердi бұзғаны туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға; 7) өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауіпті өндiрiстік объектілердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау ережелерiнiң анықталған бұзушылығын жоюға бағытталған iс-шаралардың мерзiмдерi мен көлемдерi жөнiнде келiсуге; 8) заңнамаға сәйкес өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi талаптарын бұзумен жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұруға және оларға тыйым салуға; 9) жобалау-техникалық құжаттаманың, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауiптi өндiрiстiк объектілердегі еңбек қауiпсiздігі талаптары мен нормаларына сәйкестігіне сертификаттау, сараптау жүргiзу жөніндегi ұйымдарды, зертханаларды және орталықтарды құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 10) жер қойнауын пайдаланушылар өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауiптi өндiрiстік объектiлердегі еңбек қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн ескермеген, олар мемлекеттік қадағалау органдарының талаптарын (нұсқамаларын) орындамаған жағдайда, лицензиарларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісім-шарттардың күшiн тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге және осы лицензиялар мен келісім-шарттарға бұрын берiлген қорытындыларды керi қайтарып алуға; 11) көрсетілген ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектілік кәсiптiк авариялық-құтқару қызметтерiнiң және құрамаларының даярлығы мен жай-күйі авариялық-құтқару қызметтерiн қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген нормативтерге жауап бермесе, ол ұйымдардың қызметін заңнамаға сәйкес толық немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар. 11. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкі мемлекеттің оған бекітіп берген мүлкi есебiнен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен құралады. 12. Комитетке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 13. Комитеттiң өзiне бекітіп берiлген мүліктi және егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 4. Комитеттiң қызметін ұйымдастыру 14. Комитетті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. 15. Төрағаның заңнамада белгіленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады. 16. Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Министр тағайындайды. 17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап бередi. 18. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы: 1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттің аумақтық органдары мен мекемелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi, оларға тәртіптiк жаза қолданады; 4) Комитеттiң аумақтық органдары мен мекемелерiнiң ережелерiн, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың жарғыларын бекiтедi; 5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің орындауы мiндетті нұсқамалар бередi; 6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етедi. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерiнің тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Ақмола облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Көкшетау қаласы. 2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Ақтөбе қаласы. 3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Талдықорған қаласы. 4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы. 5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы. 6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы. 7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Орал қаласы. 8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы. 9. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы. 10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Қостанай облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Қостанай қаласы. 11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Ақтау қаласы. 12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Павлодар облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Павлодар қаласы. 13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Петропавл қаласы. 14. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Шымкент қаласы. 15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Астана қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы. 16. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы. 17. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнің "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызмет мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы. 18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң Атом-энергетикалық кешенiнде қауiпсiз жұмыс жүргiзудi қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесi, Степногор қаласы. 19. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Қазақстан Республикасының теңiзiнде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларының қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |