|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттік резерв) жүйесiн қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын бақылау, өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып саналады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473021, Астана қаласы, Циолковский көшесi, 2. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады. 8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Комитеттің негiзгі функциялары мен құқықтары 9. Комитет жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында: мемлекеттік резерв жүйесiн басқарады, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, ауыстыру, жаңарту және мақсатты пайдалану кезiнде заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi; ұйымдардың мемлекеттік резервтi пайдалану мәселелерi жөнiндегі өтініштерiн қарайды; мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзуге арналған тапсырыстарды орналастырады; мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiріп алуды жүзеге асырады; материалдық құндылықтардың аумақтық орналастырылуын жүзеге асырады және мемлекеттік резервтi сақтау пункттерiнің тiзбесiн қалыптастырады; мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының болуы мен қозғалысының жиынтық есебiн жүргізедi және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне белгіленген есептi ұсынады; мемлекеттік резервтiң жинақталуын жүзеге асырады; қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік резерв саласындағы мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды; 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау саласында: мемлекеттік резервтiң сақталуын бақылайды, сондай-ақ ұйымдарда жұмылдыру резервi материалдық құндылықтарының жинақталуы мен сақталуын бақылайды; мемлекеттік резерв саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердің орындалуын бақылайды; ведомстволық бағынысты ұйымдардың және мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн бақылайды; мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастырудың, сақтаудың, толықтырудың, жаңартудың және пайдаланудың шарттарда көзделген ережелерiн сақтау жөнiндегі шарттық мiндеттемелердi сақтау пункттерiнiң дәл орындауын бақылайды; сақтау пункттеріндегі материалдық құндылықтардың сақталуына тексерулер (тексерiстер) жүргiзедi. 10. Комитет өзiне жүктелген міндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға; 2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жұмыс жөнiндегі ұйымдарға орындалуы мiндетті нұсқаулар беруге; 3) материалдық құндылықтарды (жаңарту және ауыстыру тәртібімен) жасап шығару және материалдық резервке жеткiзу туралы шешiм қабылдауға; 4) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегі бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндетті нұсқамалар беруге; 5) тиiсті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын тексерулер жүргізуге тартуға; мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тексерулердiң (тексерiстердiң) материалдарын құқық қорғау органдарына жiберуге; 6) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар. 11. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. 12. Комитетке бекітіп берiлген мүлік республикалық меншiкке жатады. 13. Комитеттiң өзiне бекiтіп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 14. Комитетті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртіппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады. 15. Комитет төрағасы Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады әрi оған басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 16. Комитет төрағасы осы мақсатта: 1) өзiнің орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен міндеттерiн айқындайды; 2) құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi, сондай-ақ олардың құрылымын және штат кестесiн бекітедi; 3) Комитет қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 4) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және оларға тәртіптік жазалар қолданады; 5) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша Комитет қызметкерлерiнiң opындауы үшiн мiндетті бұйрықтар шығарады, сондай-ақ нұсқамалар бередi; 6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкiлдiк етеді. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |