|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «білім беру ұйымдарында оқитындардың« деген сөздердiң алдындағы «Мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта: тақырыбындағы және мәтiндегi «білім беру ұйымдарында оқитындардың», «білім беру ұйымдарында оқитын», «білім беру ұйымдарында оқитындар» деген сөздердің алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік білім тапсырысы (гранты) негiзiнде білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде, сондай-ақ кәсіптік бастауыш білім беретiн мекемелерде оқитындардың мемлекеттік стипендиялар тағайындалатын және төленетін жекелеген санаттарына мыналар жатады:»; 5) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; 7-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; 22-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; 24-тармақтағы «оқу орнынан» деген сөздердiң алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; 27-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 28-тармақтағы «білім беру ұйымы деген сөздердiң алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібi туралы нұсқаулықтың қосымшасында: тақырыбындағы «білім беру ұйымдарында оқитындардың» деген сөздердiң алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |