Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастық ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1143 қаулысымен мақұлданды Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр тараптан және Еуропалық қоғамдастық екiншi тараптан, осы Келісімнің Тараптары бола отырып, Тараптар Қазақстан мен Еуропалық қоғамдастық арасындағы болат саудасын ұйымдасқан түрде және әдiл дамытуға жәрдемдесуге ұмтылатын фактiсiн назарға ала отырып; 1995 жылғы 23 қаңтардағы бір тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше мемлекеттерi арасындағы әріптестік орнатқан Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне енгендiгі фактiсiн назарға ала отырып; P011765 Әрiптестiк және ынтымақтастық туралы келісімнiң 17 (1) бабы Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк бұйымдарының саудасы оның 11-бабын қоспағанда, Әріптестiк және ынтымақтастық туралы келісімнің III бөлімiмен және Келісімнiң ережелерiмен реттелетіндiгін көздейтiн фактiсiн назарға ала отырып; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк арасындағы 2002 жылғы 22 шiлдеде болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдардың саудасы жөніндегі келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) ережелерiн басшылыққа ала отырып; Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестік туралы келісімнiң қолданылу мерзiмi 2002 жылғы 23 шілдеде аяқталғандығы және Еуропалық қоғамдастық Еуропалық көмір және болат бойынша бiрлестiктің барлық құқықтары мен міндеттемелерiн өзiне алғандығы фактiсiн назарға ала отырып; Келісімнiң 11 (2) бабына сәйкес келісімнiң ұзартылатынына, ал осы Келісім шеңберiнде Тараптардың барлық құқықтары мен мiндеттемелерi оның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оның күші сақталатындығына Тараптардың келiскендігі фактісін назарға ала отырып; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|