Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 8 қарашадағы № 1166 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлді
1-бап.«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) бүкiл мәтiн бойынша «отбасының» және «адамның (отбасының)», «адамды (отбасын)», «адамдарға (отбасыларына)», «адамдардың (отбасылардың)», «адамға (отбасына)», «отбасы» деген сөздер «үй шаруашылығының», «үй шаруашылығын», «үй шаруашылықтарына», «үй шаруашылықтарының», «үй шаруашылығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) үй шаруашылығы - бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген, өздерiнің табыстарын, мүлкiн бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтердiң, оның iшiнде тұрғын үй мен тамақ өнiмдерiнiң белгілі бiр түрлерiн бiрге тұтынатын адамдардың тобы. Үй шаруашылығы бiр адамнан тұруы мүмкін;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жиынтық табыс - үй шаруашылығының ақшалай, сондай-ақ заттай нысанда алған табыстарының жалпы сомасы;";
6) тармақша алынып тасталсын;
3) 2-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгі «жетi жасқа дейiнгі балаларды» деген сөздерден кейiн», он сегiз жасқа дейiнгі мүгедек-балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: