|
|
|
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1182 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 1. Осы Ереже "Еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 22-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегі салалық нормативтердi әзiрлеу мен бекітудiң тәртібін айқындайды. 2. Осы Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі ережеде мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады: 1) еңбек қауiпсiздiгi - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде оның зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етілген қорғалу жай-күйi; 2) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе оның еңбек ету қабiлетiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор; 3) қауiптi өндiрiстік фактор - әсерi қызметкердiң еңбек ету қабілетін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға (еңбек зақымына немесе кәсiби ауруға) немесе қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстік фактор; 4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтер - ұйымдық, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де талаптарды белгілейтiн нормативтер, еңбек қызметі процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелер, рәсiмдер мен өлшемдер; 5) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi; 6) еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттіктi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтерге қойылатын негiзгі талаптар 3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі салалық нормативтер мынадай талаптарға жауап беруi тиiс: 1) қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына құқығын қамтамасыз ету; 2) еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамту; 3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бiрыңғай талаптарды белгілеу; 4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтiк құқықтық кесiмдерге, еңбек қауiпсiздiгi стандарттары жүйесiнiң, құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелердiң, гигиеналық және эргономикалық нормативтердiң талаптарына сәйкес болу. 3. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтердiң мазмұны 4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтердiң ережелерi әрбiр саланың өзiндiк ерекшелiгiн ескередi. 5. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі салалық нормативтер: 1) қауіпті және зиянды өндiрiстiк факторлардың түрлерi бойынша жалпы талаптарды (физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық); 2) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың қысқаша сипаттамасын (түрi, әрекет ету сипаты, ықтимал салдарлары); 3) қауiптi және зиянды өндiрiстік фактордың шектi жол берiлетiн деңгейлерi мен шектi жол берiлетiн шоғырландыруларын және оларды бақылау әдiстерiн; 4) қызметкерлердi қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әрекетінен қорғау әдiстерi мен құралдарын; 5) әкiмшілiк, санитарлық және тұрмыстық үй-жайларға қойылатын талаптарды; 6) эргономикалық, санитарлық-гигиеналық талаптарды; 7) қызметкерлердi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, аптечкамен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды; 8) қызметкерлердi емдеу-алдын алу тағамдарымен, сүтпен, жуу және дезинфекциялау заттарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды; 9) еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өзге де талаптарды қамтуы тиiс. 4. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтердi әзiрлeу және бекіту 6. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтердi әзiрлейтiн өз құзыретiне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтердi әзiрлейтiн мемлекеттік орган жобаны дайындау бойынша жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын атқаратын өзiнiң бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Жұмыс тобының құрамына өздерiнiң тиiстілігiне қарай мүдделi мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердiң өкiлдерi енгiзілуi мүмкiн. Мемлекеттік орган еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтiң жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкiн. 8. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтердi уәкілеттi мемлекеттік органдар өз құзыретiне сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және өзге де мүдделi мемлекеттік органдармен келiсім бойынша бекiтедi. 9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтер жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |