|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулыға 420-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: "10) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының шағын типографиясы үшiн есептеу жабдығы - 1 жиынтық; көшiру-көбейту жабдығы - 1 жиынтық; диктостанция - 1 жиынтық;"; 2) көрсетiлген қаулыға 425-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны "байланыс құралдарын" деген сөздерден кейiн ", 1 бiрлiк - репитер; 1 бiрлік - компьютер; 1 бiрлiк принтер; 1 бiрлiк - көшiру-көбейту аппаратын" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |