|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң «Ақпараттық-өндiрiстiк орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелерi
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң «Ақпараттық-өндiрiстiк орталық» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақпараттық-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мынадай шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi» деген бөлiм: мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 407-2-жолмен толықтырылсын: «407-2 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тiркеу қызметі комитетiнiң Ақпараттық-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы»; «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі» деген бөлімде: реттiк нөмiрi 461-4-жол алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Тiркеу қызметi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi: мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 17-жолмен толықтырылсын: «17. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Тiркеу қызметі комитетiнің Ақпараттық-өндiрiстік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны». 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |