Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы (2010.03.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.07. № 434 Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына және 9-бабы 8) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырғандары бекітілсiн: 1) Жануарлардың Ауески ауруын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесi; 2) Лептоспирозды алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесi. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.07. № 434 Бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргiзу, Ветеринария департаментiнiң директоры А.Ә. Қожамұратовқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінен мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жариялану сәтiнен бастап қолдануға енгiзiледi.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығымен бекітілді Жануарлардың Ауески ауруын алдын алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі Осы Жануарлардың Ауески ауруын алдын-алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі (кейін - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|