|
|
|
Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан (2006.25.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2005.03.10. № 994 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2006.25.07. № 703 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар мүгедек адамдарды оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар протездiк-ортопедиялық және есту протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердi 2006 жылға арналған берушілер болып белгiленсiн. 2. Жергіліктi атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен: осы қаулыға қосымшада көрсетiлген кәсiпорындармен мүгедектердi протездiк-ортопедиялық және есту-протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсiн. 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1341 қаулысына Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.25.07. № 703 қаулысымен тізбе өзгертілді (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Мүгедек адамдарды протездiк-ортопедиялық және есту-протездеу көмегiмен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердi беруші заңды тұлғалардың тiзбесi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |