|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат): 82-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын: "1-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;". 2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат): 1) 79-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;"; 2) 158-бап "Iске" деген сөздің алдынан "Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының" деген сөздермен толықтырылып, "Iске" деген сөз "iсiне" деп жазылсын; 3) 160-бап "iске" деген сөздiң алдынан "Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының" деген сөздермен толықтырылып, "iске" деген сөз "iсiне" деп жазылсын; 4) 162-баптың бiрiншi бөлiгi "Iске" деген сөздiң алдынан "Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының" деген сөздермен толықтырылып, "Iске" деген сөз "iсiне" деп жазылсын; 5) мынадай мазмұндағы 18-1-тараумен толықтырылсын: "18-1-тарау. Аралық сот шешiмiн орындау 241-1-бап. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату 1. Егер аралық соттың шешiмi онда белгіленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, аралық соттың шешiмi өз пайдасына шығарылған тарап (өндiрiп алушы) осы бапта көзделген ережелер бойынша аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен аралық сот дауды қарайтын жердегi сотқа жүгiнуге құқылы. 2. Атқару парағын беру туралы арызға мыналар қоса тiркеледi: 1) аралық сот шешiмiнiң түпнұсқасы немесе көшiрмесi. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот шешiмiнiң көшiрмесiн осы аралық соттың төрағасы растайды, нақты дауды шешу үшiн аралық сот шешiмiнiң көшiрмесi нотариатта куәландырылуға тиiс; 2) заңда белгiленген тәртiппен жасалған аралық келісімнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi. 3. Атқару парағын беру туралы арыз аралық соттың шешiмiн ерiктi түрде орындауға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей берiлуi мүмкiн. 4. Белгiленген мерзiмiн өткiзіп алған не оған қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 5. Егер сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы. 6. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес күн iшiнде жеке-дара қарайды. 7. Өндiрiп алушының аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оны соттың отырысында қарау орны мен уақыты туралы сот борышкердi хабардар етедi. Оның арызын қарау орны мен уақыты туралы өндiрiп алушы да хабардар етiледi. Егер борышкерден сот отырысына келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi көрсетіліп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiм түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды. 8. Сот аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде аралық соттың шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес. 9. Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиiс. 241-2-бап. Атқару парағын беру 1. Сот аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы осы Кодекстiң 236-бабының ережелерi бойынша берiледi. 2. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына осы Кодексте сот актілеріне шағым жасау үшiн көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 241-3-бап. Атқару парағын беруден бас тарту Сот, егер: 1) аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған тарап сотқа: аралық келісімнiң жарамсыз болып табылатындығының; аралық соттың шешiмi аралық келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғанының немесе аралық келісімнiң шегінен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың аралық соттың ведомстволық қарауында еместігінiң дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайда, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер аралық соттың аралық келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі қаулылары мұндай келісімде қамтылмайтындардан бөлiнiп шығарылуы мүмкiн болса, онда аралық соттың аралық келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратын шешiмiнiң сол бөлiгiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беруден бас тартуға болмайды; аралық соттың құрамы немесе аралық сотта iс қарау Қазақстан Республикасының аралық сотта iс қарау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуiнің; аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған тарап аралық судьялардың сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенiнiң не аралық сотқа басқа да себептермен өз түсiндiрмелерiн бере алмағанының; тараптардың бiрiнiң аралық келісім жасау кезiнде әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi екендігінiң; соттың немесе аралық соттың сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша заңды күшiне енген шешiмiнiң не талапкердiң талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы соттың немесе аралық соттың ұйғарымы болғандығының; соттың шешiм шығаруы сот үкімімен белгiленген қылмыс жасау нәтижесiнде мүмкiн болғандығының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады; 2) сот: дау Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе осы дау бойынша аралық келісімдi тараптар бағындырған басқа құқыққа сәйкес аралық сотта iс қараудың нысанасы бола алмайтынын; аралық соттың шешiмi осы баптың 1), 2) тармақшаларында белгiленген талаптар мен Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн анықтаса, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады."; 6) 249-баптың 5) тармақшасындағы "тараптар" деген сөздің алдынан "егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын; 7) мынадай мазмұндағы 39-1-тараумен толықтырылсын: "39-1-тарау. Аралық соттардың шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер бойынша iс жүргiзу 331-1-бап. Арыз беру Аралық сотта iс қарау тараптары, iске қатысуға тартылмаған, бiрақ сот өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiне қатысты заңда көзделген негiздер бойынша шешiм қабылдаған үшiншi тұлғалар аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды тарап сотқа шағым жасау үшiн негiздемелер бар екендiгi туралы бiлген кезден бастап отыз күн iшiнде осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес аралық сот дауды қараған жердегi сотқа беруi мүмкiн. 331-2-бап. Арызды қарау 1. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды iс қозғалған кезден бастап он күн iшiнде қарайды. 2. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды қарау нәтижелерi бойынша аралық сот шешiмiнiң күшiн жою туралы не арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн."; 8) мынадай мазмұндағы 425-1, 425-2, 425-3-баптармен толықтырылсын: "425-1-бап. Төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындату 1. Егер төрелiктiң шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, төрелiктiң шешiмi пайдасына шығарылған тарап (өндiрiп алушы) осы бапта көзделген ережелер бойынша төреліктің шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен дауды төрелiк қарайтын жердегi сотқа жүгiнуге құқылы. 2. Атқару парағын беру туралы арызға төрелiктiң тиiстi түрде расталған түпнұсқа шешiмi немесе соның тиiстi түрде расталған көшiрмесi, сондай-ақ төрелiктің түпнұсқа келісімi немесе оның тиiстi түрде расталған көшiрмесi қоса берiледi. Егер төрелiктің шешiмi немесе келісімi шетел тілінде жазылса, тарап осы құжаттың мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiліндегі тиiстi түрде расталған аудармасын табыс етуге тиiс. 3. Атқару парағын беру туралы арыз төрелiктiң шешімiн ерiктi түрде атқаруға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешіктiрiлмей берiлуi мүмкiн. 4. Белгiленген мерзiмiн өткiзiп алған не оған қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 5. Егер, сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы. 6. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес күн iшiнде жеке-дара қарайды. 7. Өндiрiп алушының төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оның соттың отырысында қаралу орны мен уақыты туралы сот борышкердi хабардар етедi. Оның арызын қарау орны мен уақыты туралы өндiрiп алушы да хабардар етiледi. Егер борышкерден сот отырысына келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi көрсетіліп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды. 8. Сот төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде төрелiктiң шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес. 9. Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиiс. 425-2-бап. Атқару парағын беру 1. Сот төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы осы Кодекстiң 236-бабының ережелерi бойынша берiледi. 2. Төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына осы Кодексте сот актілеріне шағым жасау үшiн көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 425-3-бап. Атқару парағын беруден бас тарту Егер, сот: 1) бұл тарап: сот төрелiк келісім тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз не әрекетке қабiлетi шектеулi деп немесе төрелiк келісімдi тараптар оны бағындырған заң бойынша, ал мұндай нұсқау болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жарамсыз деп тануының; оған төрешiнiң тағайындалғаны туралы немесе төрелiк iс қарау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенiнiң немесе сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша өз түсiндiрмелерiн бере алмағанының; төрелiктiң шешiмi төрелiк келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғанының не төрелiк келісімнiң шегінен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың төрелiк соттың ведомстволық қарауында еместiгiнiң дәлелдемелерiн сотқа табыс етсе, төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер төрелiк келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі төрелiктiң шешiмiн осындай келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешiмнен бөлiп шығаруға болатын болса, онда төрелiктің төрелiк келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешiмi бар сол бөлігінiң ғана күшi жойылуы мүмкiн; төрелiк құрам немесе төрелiк iс қарау рәсiмi тараптардың келісімiне және төрелiктiң регламентiне сәйкес келмегенiнiң дәлелдемесiн сотқа табыс етсе; 2) сот төрелiктiң шешiмi Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн немесе төрелiктiң шешiмi шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк iс қараудың нысанасы бола алмайтынын анықтаса, төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады."; 9) мынадай мазмұндағы 45-1-тараумен толықтырылсын: "45-1-тарау. Төрелiктiң шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер бойынша iс жүргiзу 426-1-бап. Өтiнiм беру Төрелiкте iс қарау тараптары, iске қатысуға тартылмаған, бiрақ өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiне қатысты төрелiк шешiм қабылдаған үшінші тұлғалар төрелiк шешiмiнiң күшiн жою туралы өтiнiштi дауды қараған жердегi сотқа, бұл өтiнiштi мәлiмдеуші тарап төрелiк шешiмдi алған күнiнен бастап үш ай iшiнде беруi мүмкiн. 426-2-бап. Өтiнiштi қарау 1. Сот төрелiктiң шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiштi он күн iшiнде қарайды. 2. Сот төрелiктің шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша төрелiк шешiмiнiң күшiн жою туралы не өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн.". 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат): 594-баптың бiрiншi бөлiгi "куә ретiнде" деген сөздерден кейiн ", егер заңдарда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі 4. 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат): 1) 495-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "соттың" деген сөзден кейiн "аралық соттардың," деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: "8-1) аралық соттар шешiмдерiн, төрелiктiң шешiмдерiн жою туралы өтiнiштерден: жеке тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 1 процентi; заңды тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 3 процентi;"; 10) тармақшадағы "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "аралық соттардың," деген сөздермен толықтырылсын. 5. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат): 1-баптың үшiншi абзацындағы "әкiмшiлiк процестiң" деген сөздерден кейiн "не аралық сотта, төрелiкте iс қараудың" деген сөздермен толықтырылсын. 6. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67құжат): 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;"; 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) аралық соттардың немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары - үш жыл iшiнде;"; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) аралық соттардың немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - шешiм күшiне енген күннен кейiнгi күннен бастап;". 2-бап. Осы Заң, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 4-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. НАЗАРБАЕВ Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 28-зі. № 24-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |