|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде: 10-тармақтағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы Бас филиалында ашылған № 413609816 банктiк шоты, МФО 190501109» деген сөздер «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi Орталық)»деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақ «үш банктiк күнi iшiнде» деген сөздерден кейiн «MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |