|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 және
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 23, 203-құжат): тақырыбында және мәтiнiнде "лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереженi", "лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесін", "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ережеде: тақырыбында "лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта ", ал көлiк құралында осы қызметтiң түрiне қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын есеп құжаты" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлігі (лицензиар)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң органдары (бұдан әрi - лицензиар)" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Лицензиялар теңiз және өзен көлiгiндегi қызметтің мынадай түрлерiне берiледi: жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға; қауiптi жүктердi тасымалдауға. Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi: жүктердi тасымалдауға - "Жүк"; жолаушыларды тасымалдауға - "Ж"; қауіпті жүктерді тасымалдауға (қауіпті жүктің түрі көрсетіледі) - "ҚЖ". Қолданылу мерзiмiне және қызметiнiң көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн: басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бір қызмет түрiмен айналысуға; бір жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға."; 9-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "16. Екi және одан көп көлiк құралдарының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия ресiмдеу кезiнде әрбiр көлiк бiрлiгiне лицензияның бар екенін растайтын құжат берiледi."; төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "лицензиялар берудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған бір түрдегi заңды тұлғаның екiншi түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдастыру-құқықтық, нысаны өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;"; мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жасалған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "лицензияны лицензиарға ерiктi түрде қайтарған."; мемлекеттік тілдегi мәтiнде "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, 24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген;"; 2) "Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 714 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 24, 212-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Лицензиялар қызметтiң мынадай түрлерiне берiледi: жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға; қауiптi жүктердi тасымалдауға. Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi: жүктердi тасымалдауға - "Жүк"; жолаушыларды тасымалдауға - "Ж"; жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға - "ЖүкЖ"; қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктiң түрi көрсетiледi) - "ҚЖ". Лицензияда, сондай-ақ оның қызметiнiң аумақтық саласы көрсетiледi: iшкi тасымалдар; ауданаралық (қалааралық) тасымалдар; облысаралық тасымалдар; халықаралық тасымалдар. Қолданылу мерзiмiне және қызмет көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн: басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға; бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға."; 8-тармақтың жетiншi абзацы және 10-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |