|
|
|
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды (2006.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды тiркеу мен есепке алу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысымен бекiтілген ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған Қарыздарды тiркеу мен есепке алу ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тiркеу мен есепке алу ережесi (бұдан әрi Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды есепке алу мемлекеттік функцияларды орындау үшiн мониторингтi жүзеге асыру және мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борышты басқару, мемлекет кепілгерлігімен тартылған борыш мониторингі мақсатында жүргiзіледi. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың, мемлекет кепілгерлігімен тартылған борыштың есебiн жүргiзу үшiн мәліметтерді тиісті тізілімге енгізу жолымен мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тiркеу жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Тізілім тіркеу журналында және дерекқорда жүргізіледі. Нөмірленген және тігінделген, тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің мөрімен және басшысының қолымен бекітілген тіркеу журналы мынадай ақпаратты қамтиды: 1) тіркеу күні; 2) тіркеу нөмірі; 3) құжаттың атауы және нөмірі; 4) жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы. Дерекқор ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тiркеу мен есепке алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк); Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергілiктi атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрi - мемлекеттік қарыздар); 2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдiк берген қарыздары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар); 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiктерi (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер); 4) мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздар; 5) мемлекет кепілгерлігі.
2. Үкiметтiк қарыздарды тiркеу мен есепке алу 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу: қарыз шартын жасасу нысанында - қарыз шарты негiзiнде жүзеге асырылады; халықаралық капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және олардың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізiнде жүзеге асырылады; ішкі капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлік қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгi күнi жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгізу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi. 8. Мынадай нысанда тартылған үкiметтік қарыздарды тiркеу: қарыз шартын жасасу - оған қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде жүзеге асырылады; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - ол орналастырылғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады. 3. Ұлттық Банктiң қарыздарын тiркеу мен есепке алу 9. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу: 1) қарыз шартын жасасу нысанында - тiгiлген және Ұлттық Банктiң мөрiмен куәландырылған қарыз шартының көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады; 2) ішкi капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлік қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгі күнi жүзеге асырылады. 10. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшін орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік қарыздарын тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 11. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды есепке алу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгізу немесе Ұлттық Банктiң бағалы қағаздарын орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күні, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi. 12. Ұлттық Банк өзi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органға ұсынады. 13. Ұлттық Банктің қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 4. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тiркеу мен есепке алу 14. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тіркеу мен есепке алу қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады. 15. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 16. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын дерекқорға енгізу (қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi. 17. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады. 18. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік кепiлдiктердi және мемлекет кепілдiк берген қарыздарды тiркеу мен есепке алу 19. Мынадай нысанда ұсынылған мемлекеттік кепілдiктердi тiркеу мен есепке алу: мемлекеттік кепiлдiктің арнайы бланкілерiнде ресiмделген кепiлдi мiндеттеме - оны Кредит берушiге берген сәтке дейiн кепiлдiк түпнұсқасының негiзiнде жүзеге асырылады; кепiлдiк шарты - кепiлдiк шартының негiзiнде үш күн iшiнде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу: 1) қарыз шартын жасасу - қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшірмесінің негізінде жүзеге асырылады; 2) борыштық бағалы қағаздарды шығару - облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылар өкілінің оның көлемі туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оларды орналастырғаннан кейін келесі күні растауы негізінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. Қарыз алушылар өздерi тартқан, қарыз шартын жасасу нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу үшін қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 5 күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органға ұсынады. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 21-1-тармақпен толықтырылды 21-1. Қарыз алушылар өздері тартқан борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған, мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу үшін облигацияларды шығару проспектісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркегеннен кейін 5 күн ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. 22. Мемлекеттік кепiлдiктердi тiркеу кепiлдiкке тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік кепiлдiктердiң тiзілiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 23. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 24. Мемлекеттік кепiлдiктердi есепке алу мемлекеттік кепiлдiктiң негiзгi есептiк сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және оның ресiмделген күнi, кепілдiктiң нөмiрi және оның тiркелген күнi, оған кепiлдiк берiлген валюта және сома, кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi. Қарыз алушы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекеттік кепiлдiк гарантқа қайтарылуға жатады. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 25. Қарыз шарты нысанында тартылған Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептік сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және берiлген күнi, қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит беруші, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 25-1-тармақпен толықтырылды 25-1. Борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектісінің негізгі есептік сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектісінің нөмірі және күні, шығарылатын облигациялар саны, бір облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттар мен тәртібі, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигациялар айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер, деректемелер, облигация ұстаушылар өкілі туралы мәліметтер) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу: қарыз шартын жасасу - қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады; борыштық бағалы қағаздар - оларды орналастырғаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 5-1-бөліммен толықтырылды 5-1. Мемлекет кепілгерлігін және мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу және есепке алу
26-1. Мемлекет кепілгерлігін тіркеу және есепке алу кепілгерлік шарты негізінде үш күн ішінде жүзеге асырылады. 26-2. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару нысанындағы мемлекет кепілгерлігімен берілген қарыздарды тіркеу және есепке алу концессионер облигацияларын шығару проспектісі, инфрақұрылымдық облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылары өкілінің оның көлемі туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оларды орналастырғаннан кейін келесі күні растауы негізінде жүзеге асырылады. 26-3. Мемлекет кепілгерлігін тіркеу кепілгерлік шартына тіркеу нөмірін беру және оны мемлекет кепілгерліктерінің тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 26-4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру және оны мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздар тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 26-5. Мемлекет кепілгерлігін есепке алу кепілгерлік шарттарының негізгі есепке алу сипаттамаларын (кепілгерлік шартын тіркеу нөмірі және күні, мемлекет кепілгерлігі берілген валюта және сома, мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі. Қарыз алушы мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі кепілгерге қайтарылуға тиіс. 26-6. Мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектісінің негізгі есепке алу сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектісінің нөмірі және күні, шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялар саны, бір инфрақұрылымдық облигацияның номиналды құны, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртібі, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық облигациялар айналымы және оларды өтеу туралы мәліметтер, концессия шартының және Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекет кепілгерлігін беру туралы қаулысының деректемелері, облигациялар ұстаушылар өкілі туралы мәліметтер) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі. 26-7. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы тартылған мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу оны орналастырғаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады. 26-8. Қарыз алушылар өздері тартқан инфрақұрылымдық облигациялар нысанында тартылған мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркегеннен кейін 5 күн ішінде облигациялар шығару проспектісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. 27. Қарыз шарттарын жасасу нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды және мемлекеттік қарыздарды тiркеу кезiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган қарыз алушыға осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы тiркеу куәлігін бередi. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 28. Тiркелген құжаттарға, сондай-ақ оның негiзiнде мемлекеттік кепiлдiктердi, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігін және мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тiркеу жүргізілген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат осындай өзгерістер енгізілгеннен кейiн 10 күн iшiнде есепке алу үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынылуы тиiс. ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу мен есепке алу ережесіне 1-қосымша N_______тiркеу куәлiгi
(кредит берушінің атауы, орналасқан орны)
(қарыз алушының атауы, орналасқан орны)
(басталған күні - аяқталған күні (пайдалану мерзімі)
ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1062 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу мен есепке алу ережесіне 2-қосымша N_______тiркеу куәлiгi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |