Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 73-III Заңымен бекітілді
Қазақстан Республикасының ?кіметі мен бұдан әрi "Комиссия" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастықтар арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрi нығайтуға және дамытуға ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында Комиссияның Өкiлдігін құру жағдайын анықтауға, сондай-ақ осы Өкiлдiкке артықшылықтар мен иммунитеттер беруге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi: Қазақстан Республикасының Үкіметі осымен Қазақстан Республикасының аумағында Комиссия Өкiлдiгiн құруға келiседi. 1. Еуропалық Қоғамдастықтардың әрқайсысы - Көмiр мен болат Еуропалық бiрлестігi, Еуропалық экономикалық қоғамдастық және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық - Қазақстан Республикасы аумағында құқық субъектілігін пайдаланады. 2. Қоғамдастықтар келiсім-шарттар жасасуға, жылжымайтын және жылжымалы мүлiк сатып алуға және оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының рәсiмдiк және әкiмшiлiк талаптарына сәйкес өз функцияларын тиiмдi орындау үшiн қажеттігіне қарай пайдалануға және процессуалдық iс-әрекеттер жасауға құқылы. Осы мақсаттарда Комиссия Қоғамдастықтар, атынан өкiлдiк етедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|