|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақылары негiзге алына отырып белгiленедi;"; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде: F санатының тобы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры; M. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры; F. Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры; H. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры; Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы; Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры."; G-14 санатының бiрiншi абзацында мемлекеттік тiлдегi мәтiндегi "Біліктілiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман" деген сөздер "Бiлiктілiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ аға маман" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекiтілген "Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар жұмысшыларының лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер" деген 3-қосымшада: "Коэффициенттер" деген бағанда: "1,07" деген сандар "1,09" деген сандармен ауыстырылсын; "1,00" деген сандар "1,07" деген сандармен ауыстырылсын; 4) көрсетiлген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік білiм беру мекемелерiнiң және қазыналық кәсiпорындарының қызметкерлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар" деген 4-қосымшада: ескертудiң 3-тармағында: мемлекеттік тiлдeгі мәтiнде "үстемеақылар балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң" деген сөздерден кейiн "бейiндiк мақсаттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлерiне" деген сөздермен толықтырылсын; мемлекеттік тілдегi мәтiнде "басшылары мен педагог қызметкерлерiне" деген сөздер "бейiндiк мақсаттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |