|
|
|
"2005 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 2005 жылға арналған көлемi: мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бec жүз мың) тонна мөлшерiнде; мемлекеттік жемдiк астық ресурстары 5000 (бec мың) тоннаға дейінгі мөлшерінде; мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 100000 (бір жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік сатылатын астық ресурстары 465000 (төрт жүз алпыс бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде белгiленсiн. 2. 2005 жылы пайдалану көлемi: мемлекеттік жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгі мөлшерде; мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгiленсiн. ҚР ?кіметінiң 2005.03.05. № 419 қаулысымен 3-тармақ өзгерді 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамының сатылатын мемлекеттік ресурстар астығын 465 (төрт жүз алпыс бec) мың тоннаға дейiнгі көлемде республиканың iшкi рыногында ашық тендерлер өткізу арқылы не тауар биржасында сатуын қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ә. Үмбетовке жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |