|
|
|
Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң (2006.28.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2005 жылғы 7 ақпандағы № 113 қаулысымен бекiтілген Жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы ереже меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң тәртібін айқындайды (бұдан әрi - Ереже). 2. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарының (бұдан әрi Ұйымдар) басты мiндетi жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау болып табылады. 3. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының клиникалық ординатурасында, ассистентура-тағылымдамасында, аспирантурасында, адъюнктурасында және докторантурасында ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстыру, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру нысанында жүзеге асырылады. 4. Ұйымдар өз Жарғысын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлейдi. 2. Ұйымның негізгі функциялары ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Ұйымның негiзгi функциялары: кәсiби мiндеттердi дербес және шығармашылық тұрғыдан шешуге, жаңа ғылыми идеяларды қабылдауға және жаңа технологияларды алға апарушы болуға қабiлеттi кәсiби-құзыреттi жеке тұлғаны, бәсекеге қабiлетті маманды қалыптастыру; басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулердi дамыту; ғылымды, білім беру мен өндірісті ықпалдастыру; жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру саласында ғылыми және инновациялық қызметтi жандандыру; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, жоғары оқу орнынан кейiнгi білім берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу; Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де қызметтi жүзеге асыру болып табылады. 6. Ұйымның білім беру қызметiн жүргізу құқығы лицензия алған сәттен бастап туындайды және оның мерзiмi аяқталған, керi қайтарып алынған немесе ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады. 7. Азаматтарды ұйымға қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен конкурстық негізде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн Жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білім беру туралы ережемен реттеледi. 9. Диссертация қорғау диссертациялық кеңесте өткiзiледi. Диссертациялық кеңестiң жұмыс тәртібі білiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн Диссертациялық кеңес туралы ережемен реттеледі. 10. Ғылыми дәреже беру тәртібі білiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн тиiсті ережелермен реттеледi. 4. Білiм беру процесiнiң субъектілері ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша ақылы негізде де жүзеге асырылады. Ақылы негізде оқыту құнын ұйым айқындайды. 12. Шет мемлекеттер азаматтарының жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім алу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және халықаралық келісімдермен айқындалады. 13. ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оқуға қабылданған ассистент-тағылымдамадан өтушiлер, ординаторлар, аспиранттар, адъюнкттер мен докторанттар ұйымдарда білім алушылар болып табылады. 15. Ұйымдардағы білім алушылар «Білiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, бiлім беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтiк кесiмдерiнде, ұйымның Жарғысында белгiленген құқықтар мен мiндеттерге ие болады. 16. Профессорлық-оқытушылық лауазымдарға қабылдау рәсiмi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 17. Ұйымның қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқықтар мен мiндеттерге ие болады. 18. Профессорлық-оқытушылық құрамның саны штаттық кестеге сәйкес белгіленедi. Профессорлық-оқытушылық құрамның, әдiскерлер мен басқа персоналдың штаттарын, ұйымның құрылымын ұйымның басшысы бекiтедi. 19. Ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, осы Ережеге және ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. 20. Ұйымды тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын басшы жүзеге асырады. Басшы осы ұйымның барлық санаттағы қызметкерлерi мен білiм алушылары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, қызметкерлердi атқаратын қызметiне қабылдайды және босатады. 21. Ұйымның басшысы ұйымның атынан әрекет етедi және оның мүдделерiн қорғайды. 6. Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 22. Ұйымды қаржыландыру: бюджет қаражаты; ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен жасасқан шарттар бойынша оқыту үшiн алынатын қаражат; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көздер 23. Ұйымдар өзiне бекітілген мүлiктi өзiнiң тағайындалуына өздерiнiң жарғылық мақсаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланады. 7. Білім беру ұйымдарының қызметiн бақылау 24. Ұйымдардың қызметiн мемлекеттік бақылау «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады. 25. Ұйымдар жедел және бухгалтерлiк есептi жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша статистикалық бухгалтерлiк есеп берудi жүргiзедi, белгiленген тәртiппен тоқсандық және жылдық бухгалтерлiк статистикалық есеп бередi. ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 26. Ұйымның лауазымды адамдары осы ұйымға бекітілген меншiктiң сақталуы және тиiмдi пайдаланылуы үшiн мемлекеттік статистикалық есеп берудi бұрмалағаны үшiн, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінетін бюджет қаражатын игеру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |