|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама), «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 -2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы; 2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 (бұр. ред. қара); 2007.11.04. № 293 (бұр.ред.қара); 2007.05.10. № 899 (бұр.ред.қара); 2009.19.05 № 745 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.02.09 № 875 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.09.04. № 432 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.11. № 1457 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.06.06. № 583 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы денсаулық сақтау жөніндегі бағдарламасының басшысы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы (келісім бойынша) ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы үйлестірушісі (келісім бойынша) Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЭФ) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламаларының үйлестірушісі (келісім бойынша) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдер кеңсесінің басшысы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі (келісім бойынша) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен ереженің мәтіндегі «Бағдарламалар», «Бағдарламаларда», «Бағдарламалардың» деген сөздер тиісінше «Бағдарлама», «Бағдарламада», «Бағдарламаның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. 2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. 3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келісімi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi. 4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері мен функциялары 5. Мыналар: 1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру; 3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі негiзгi бағыттарды белгiлеу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады. ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады: 1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөніндегі iстердiң жай-күйiн талдау; 2) мынадай: азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру; азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру; денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту; орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасында жауапкершілікті шектеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу; бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуды және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды тартуды қоса алғанда, жергілікті деңгейде өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу; 3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, салалық бағдарламалардың аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуының аралық қорытындыларын қарау; 4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу; 5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанушылықты төмендету және басқа да әлеуметтік мәні бар және айналадағылар үшін қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ халық арасындағы суицидті мінез-құлықтың алдын алу мен профилактикасы жөніндегі іс-шараларды орындау мәселелерін қарау;
3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары 7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында: 1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға; 2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға; 4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгізуге; 5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар. 4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Үйлестіру кеңесін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және Үйлестіру кеңесінің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомоствоаралық үйлестіруге және Үйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды. 9. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 10-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жіберілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-2-тармақпен толықтырылды 10-2. Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілгеннен кейін Үйлестіру кеңесінің хатшысы хаттама ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Үйлестіру кеңесінің есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Үйлестіру кеңесінің хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне келісу үшін жібереді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Дауыс беру парақтарымен қоса, Үйлестіру кеңесінің материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 ақпандағы № 166 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 952 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат). 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 қазандағы № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 41, 434-құжат). 6. «Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Үйлестiру кеңесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi № 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 442-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |