|
|
|
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта: 2-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi кейiннен Қазақстан Республикасының Yкіметі мүшелерiнiң алқа шешiмiн қабылдауды талап ететiн аса маңызды мәселелер бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқаратын комиссиялардың құрамына мемлекеттік органдардың бiрiншi басшылары немесе алмастыру құқығынсыз олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар кiредi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен оның орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөлуге сәйкес олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ екi және одан астам мемлекеттік органдардың құзыретi шегiнен шығатын мәселелер бойынша не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары басқаратын комиссиялардың құрамына алмастыру құқығынсыз мемлекеттік органдардың бiрiншi басшыларының орынбасарларынан төмен емес мәртебесi бар лауазымды тұлғалар кiредi. Салааралық және ведомствоаралық мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылатын комиссияларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өзге де мүшелерi басқарады. Осындай комиссиялардың құрамына кiретiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының мәртебесі департамент директорынан төмен емес болуы тиiс."; 8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) комиссияны/жұмыс тобын басқаратын лауазымды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдардың және өзге де тұлғалардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстары;"; 10-тармақта мемлекеттік тілдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "актiсiнiң" деген сөздiң алдынан "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиiстi" деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "15. Комиссияны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган болып табылатын оның жұмыс органы не комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға оны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiнде көрсетіледi. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады."; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "18. Егер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады."; 19-тармақтың бiрiншi абзацында "төраға" деген сөз "төраға/жетекшi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |