|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы 1992 жылғы 23 маусымдағы N 1407-XII Қазақстан Республикасының Заңы (23.12.92 ж. N 1816-XII; 08.04.93 ж. N 2088-XII ҚР Заңдарымен;; 17.03.95 ж. N 2122; 21.12.95 ж. N 2708 ҚР Президентінің Жарлықтарымен;; 02.04.97 ж. N 88-1; 19.06.97 ж. N 134-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 09.12.98 ж. N 307-1; 22.12.98 ж. N 327-1; 05.04.99 ж. N 360-1; 07.04.99 ж. N 374-1; 11.06.01 ж. N 208-II; 10.10.01 ж. N 247-II; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004.20.12 N 13-III; 2004.29.12. N 26-III ҚР Заңдырмен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңымен Заң мәтiнiндегi "IIМ" және "Қазақстан Республикасы IIМ" деген сөздер алып тасталды I бөлiм. Жалпы ережелер ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. N 307-I ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған. Ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. N 360-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi Iшкi әскерлердiң мiндеттерiне мыналар жатады: - маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету; - түзеу мекемелерiн күзету, сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару; - қоғамдық тәртiптi сақтауда, елдi мекендерде қоғамдық тәртiптiң жаппай және топтасып бұзылуына тыйым салуда, қоғамдық қауiпсiздiктi және төтенше жағдайдың хұқылық режимiн қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу; - соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау; заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу; ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, террорлық актілердi, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату; Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу. Iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi орындауды: iшкi әскерлердi әскери басқару органдары; оперативтiк мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлiмдер; маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету жөнiндегi арнайы әскери бөлiмдер; түзеу мекемелерiн күзету және айдап апару жөнiндегi құрамалар мен әскери бөлiмдер; арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлiмдер; iшкi әскерлердiң әскери оқу орны; iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ететiн әскери бөлiмдер жүзеге асырады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды. IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. N 307-1; 05.04.99 ж. N 360-I; 11.06.01 ж. N 208-II; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Iшкi әскерлер қызметiн ұйымдастырудың принциптерi мен негiздерi Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, iзгiлiк, жеке адам хұқығын сақтау және дара басшылық принциптерi арқылы жүзеге асырылады. Әскерлердi тiкелей басқаруды - iшкi әскерлер Қолбасшысы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi және облыстар iшкi iстер басқармаларының бастықтары өздерiнiң қарамағындағы аумақта орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және төтенше жағдайлар кезiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да тапсырмаларды шешу жөнiндегi мiндеттердi орындайтын iшкi әскерлер бөлiмдерi мен құрамаларына қатысты жөнiндегi аға оперативтiк бастықтар болып табылады. 09.12.98 ж. N 307-1 ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу тiлi Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы Қазақстан Республикасының IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады. II бөлiм. Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының iшкi әскерлерге басшылық жасау жөнiндегi өкiлеттiгi ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. N 208-II ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Президентi: - соғыс кезiнде iшкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды; - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады. - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және мiндеттi әскери қызметтен шығарады; ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. N 360-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi: - iшкi әскерлердiң құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын, Әскери қызметті өтеу туралы ереженi бекiтедi; Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi Қолбасшысының ұсынуы бойынша iшкi әскерлер Қолбасшысы орынбасарларын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және мiндеттi әскери қызметтен шығарады; - iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, iшкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды; - iшкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттiк объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды; - берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттiк объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi; - iшкi iскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы) адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады; - iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi: - iшкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келiсiм-шарт бойынша және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады; - әскери-оқу орындарында офицерлер даярлауға көмектеседi; ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. N 360-I; 11.06.01 ж. N 208-II ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Iшкi iстер министрi: ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады; Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен iшкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады; Республика Үкiметiнiң қарауына iшкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi; Республика Үкiметiне iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыным енгiзедi; Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын белгілейді және штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде бекітеді; ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды бекітеді; ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және "полковник" әскери атағын береді; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес IIМ-iнiң iшкi әскерлерi офицерлерiнiң әскери қызмет атқару мәселелерiн шешедi, оларды құрама командирiне дейiнгi қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, оларға бастапқы әскери атақтан бастап полковник атағын қоса әскери атақтар бередi, запасқа немесе отставкаға шығарады; жауынгерлiк және өзге техника мен басқа да мүлiктi әскерлердi жарақтандыруға (жабдықтауға) қабылдайды, жарамсыз күйге келген немесе жоғалған материалдық құндылықтарды және әскери (бюджеттiк) есептегi ақшалай қаражаттарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен есептен шығарады. 11.06.01 ж. N 208-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды 10-1-бап. Ішкі әскерлер қолбасшысы Ішкі әскерлер қолбасшысы: ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады; әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді; бұйрықтар, директивалар, өкімдер шығарады және құрамалардың, әскери бөлімдерінің штаттарын бекітеді; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметтен өту мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады; Ішкі істер министріне ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді; әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүлікті қабылдайды, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. N 208-II; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар Жергiлiктi атқарушы органдар: - өз құзыретi шегiнде iшкi әскерлердiң құрамаларын, бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қарамағындағы аумақта құрып, орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгi ұсыныстарын қарауға қатысады; - iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге, прапорщиктерге және мерзiмнен тыс қызметтегi қызметшiлерге тұрғын үй бөледi; - iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң командованиесiне iшкi әскерлерге қызметке шақыруды ұйымдастыруда көмек көрсетедi. осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар iшкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi. Көлiк және коммуникация министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, ведомстволары мен мекемелерi мiндеттерiн төтенше жағдай кезiнде атқарушы iшкi әскерлерге олардың әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқаруы үшiн байланыс жүйелерi мен арналарын тегiн бередi. Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. N 307-I; 05.04.99 ж. N 360-I; 11.06.01 ж. N 208-II; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы iшкi iстер басқармаларының бастықтары Облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы iшкi iстер басқармаларының бастықтары: Ішкi әскерлер Қолбасшысының рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың (жағдаяттардың) зардаптарын жою үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдаяттардың зардаптарын жою және Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау үшiн пайдаланады; құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттiң көлемiн олардың санына орай айқындайды; түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды; түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң тiршiлiгіне, сондай-ақ iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген IIМ-iнiң iшкi әскерлерi бөлiмдерiне тиiстi жағдайлар туғызады; әскерлер күзететiн объектiлердi инженерлiк-техникалық құралдармен жабдықтау, күзет үй-жайларын, әскери қалашықтар салып, оларды көркейту мен жөндеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; түзеу мекемелерiн күзетудi жүзеге асыратын бөлiмдер мен бөлiмшелердiң офицерлерiн, прапорщиктерiн, мерзiмнен тыс қызметтегi қызметшiлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу жөнiндегi шараларды қолданады. 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеге сәйкес iшкi әскерлерде Әскери кеңес құрылады. Әскери кеңестің құрамын Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Әскери кеңес iшкi әскерлер қызметiнiң ұйымдастырылуына және мәселелердiң дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Iшкi әскерлердiң Бас штабы Iшкi әскерлердiң Бас штабы iшкi әскерлердi әскери басқарудың негiзгi органы болып табылады және әскерлердi тұрақты жауынгерлiк әрi жұмылдырушылық әзiрлiкте ұстауға, iшкі әскерлердің құрылысы мен дамуы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға, олардың ұйымдық-штат құрылымын жетiлдiруге, iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк iстерiн ұйымдастыруға арналған. Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабымен бiрлескен iс-әрекеттер нұсқаларын жоспарлайды. III бөлiм. Iшкi әскерлердегi қызмет 16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден, қызметшiлерден және жұмысшылардан тұрады. Iшкi әскерлерде мiндеттi әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атағы, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киiм үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген жалпы әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады. Iшкi әскерлер жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң еңбек және қызмет бабындағы жұмысы еңбек туралы заңдармен реттеледi. 09.12.98 ж. N 307-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді 17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет Ішкi әскерлер адам құрамымен "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" және "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эксаумақтық және аумақтық принциптер ұштастырыла отырып жасақталады. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртiбi, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртiбi Әскери қызметтi атқару туралы ережемен, жалпы әскерлiк жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады. Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери Ант қабылдайды. 18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң хұқылық жағдайы Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi. Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актiлерiмен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады. Офицерлерге, прапорщиктерге, мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге жеке басын, қызмет жағдайын және мiндеттi әскери қызметте жүргенiн куәландыратын жеке бастың куәлiгi берiледi. 19-бап. Iшкi әскерлер кадрларын даярлау Iшкi әскерлер үшiн офицерлер даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ шарттық жағдаймен басқа мемлекеттердiң әскери-оқу орындарында жүзеге асырылады. Прапорщиктердi, сержанттарды (старшиналарды) және маман-солдаттарды даярлау iшкi әскерлердiң оқу бөлiмдерiнде жүзеге асырылады. Iшкi әскерлер офицер құрамының кәсiптiк деңгейiн көтеру әскери оқу орындарының факультеттерiнде, кафедралары мен курстарында жүзеге асырылады. 20-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгi Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қылмыс жасағаны және басқадай хұқық бұзғаны үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады. Әскери қызметшiлер азаматтардың хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда командирлер мен бастықтар азаматтардың хұқықтарын қалпына келтiрiп, кiнәлiлердi тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, келтiрiлген залалдың орнын Заңда белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi. Азаматтар iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған командирге (бастыққа), прокуратура органдары мен сотқа шағым бере алады. IV бөлiм. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мен хұқықтары ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. N 307-I; 05.04.99 ж. N 360-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді 21-бап. Iшкi әскерлер адам құрамының мiндеттерi Iшкi әскерлердiң адам құрамына: - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тiзбесiнде көзделген мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi тасымалдаған кезде арнаулы жүктердi және түзеу мекемелерiн сенiмдi күзетудi қамтамасыз ету; - күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу; - сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін еңбекпен түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге айдап апару және одан кері әкелу, бұл объектілерді оларда сотталғандар жұмыс істеген уақытта күзету; - сотталған және қамауға алынған адамдарды, егер әскери қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға арналған арнаулы әскер бөлімшесі болса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, сондай-ақ әскери соттардың сот отырысына олардың өтінімі бойынша айдап апару; - Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету; - патрульдiк-күзет қызметiн атқару жолымен қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу; - жаппай қоғамдық-саяси, спорт және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу; - дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың хұқылық режимiн ұстау; - еңбекпен түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетiнен қашқан сотталғандарды iздеуге қатысу және тергеу изоляторларынан қашқан немесе аса қауiптi қылмыс жасаған адамдарды iздеуге iшкi iстер органдарына көмек көрсету; - iшкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға адам құрамын, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау; жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою; заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу жүктеледi. 09.12.98 ж. N 307-I ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді 22-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң негiзгi хұқықтары Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындаған кезде мынандай хұқықтар берiледi: 1) азаматтар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртiптi сақтауын, iшкi әскерлердiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн хұқық бұзушылық пен әрекеттердiң тоқтатылуын талап ету, ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда осы Заңда көзделген мәжбүр ету шараларын қолдану;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |