|
|
|
Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 тамыз 1992 ж. N 684 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн. 2. Азаматтардың паспортындағы ұлты туралы жазбаны өзгертудi олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша берiлген арызының негiздiлiгiн растайтын тууы туралы куәлiк пен басқа құжаттардың негiзiнде iшкi iстер органдары бiр рет жасайтын болып белгiленсiн. Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары азаматтың өтiнiшi негiзiнде ол қажеттi құжаттарын бергеннен кейiн жүргiзедi. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 қаулысымен Бекiтiлген Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережесi Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын таңдаған ұлтын ата-анасының бiрiнiң ұлтына өзгертудiң мынандай тәртiбi белгiленсiн: 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы ұлты туралы жазбаны өзгертудi iшкi iстер органдары жүргiзедi. 2. Паспорттағы ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтiнiштi арызданушының тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органына мiндеттi мынадай құжаттармен қоса бередi: а) паспорт алуға арналған Ф-I өтiнiшi; б) екi суретi; в) тууы туралы куәлiгi; г) айырбастауға жататын паспорты. 3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөнiндегi өтiнiш негiздi болған жағдайда паспорт бөлiмшесi тарапынан ұлты өзгертiлген жаңа паспорт беру туралы қорытынды түзiледi де, оны iшкi iстер органының бастығы бекiтедi. 4. Өтiнiш иесiнiң тууы туралы куәлiгiне ұлтының өзгеруiне байланысты жаңа паспорт берiлгенi туралы белгi қойылады. 5. Ф-1 өтiнiшiнiң "Қызметтiк белгiлер" бөлiмiнде паспорттың айырбасталу себептерi және соның негiзiнде паспорттағы ұлты туралы жазба өзгертiлген тууы туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi. Егер паспортты басқа iшкi iстер органы берген болса, оған Ф-1 өтiнiшiне белгi қою үшiн жаңа паспорт берiлгенi туралы хабар жiберiледi. 6. Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары жүргiзедi. Ұлты өзгертiлген паспортты алғаннан кейiн некеде тұрған немесе балалары бар азамат некеге тiркелген және балалары дүниеге келген жергiлiктi жер бойынша АХАТ органдарына немесе өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАТ органдарына азаматтық халдың тиiстi актi жазбасындағы ұлты туралы мәлiметке өзгерiс енгiзу және жаңа құжаттар алу үшiн өтiнiш беруге тиiс. 7. Жоғарыда аталған өзгерiстердi АХАТ органдары қорытынды түзбей-ақ азаматтың өтiнiшi, паспорты, ұлты өзгертiлген жаңа паспорт берiлгенi туралы iшкi iстер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлiк негiзiнде енгiзедi. 8. АХАТ-тың аудандық, қалалық, қаладағы аудандық бөлiмдерi (бюро) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн дәл осындай өзгерiстердi актiлiк жазбалардың екiншi даналарына енгiзу туралы хабарлар АХАТ-тың облыстық, Алматы қалалық архивтерiне жiберiледi. 9. Азаматтардың паспортындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту жөнiндегi даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi. ЕСКЕРТУ. ҚРМК-нiң 1993.01.12. N 31 қаулысын қараңыз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |