|
|
|
Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-1 Заңы (ҚР 09.12.98 ж. N 307-1; 16.07.99 ж. N 437-1; 29.11.99 ж. N 488-1; 05.05.00 ж. N 48-II; 09.08.02 ж. N 346-II; 02.07.03 ж. N 454-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР 29.12.03 ж. N 511-1 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті (5 - 8 баптар) өзін-өзі басқару органдарының өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілеттігі 3-тарау. Қазақстан Республикасындағы өртке (9 - 13 баптар) қарсы қызмет органдары 4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету (14 - 23 баптар) 5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы (24 - 25 баптар) құқықтар мен міндеттер 6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды (26 - 28 баптар) бұзғаны үшін жауапкершілік 7-тарау. Қорытынды ережелер (29 - 31 баптар) Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi; өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану; мемлекеттiк өрт қадағалауы - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк қадағалау қызметiнiң арнаулы түрi; өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен, уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк актiлерiмен белгiленген әлеуметтiк және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар; өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi стандарттарды, нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау; өртке қарсы шаралар режимi - өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына жол берiлмеуiн және өрттiң сөндiрiлуiн қамтамасыз ететiн азаматтардың мiнез-құлық ережелерi, өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндiрiстiк және арнаулы жабдықтарды күтiп ұстау шарттары; өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiндегi iс-әрекет; өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, күштер мен құралдардың, соның iшiнде өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы; өрттi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқаружұмыстары - өртке қарсы қызметтiң адамдарды, мүлiктi, меншiктi құтқару мен басқа жерге көшiру, өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы көмек көрсету жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттерi; өрт сөндiру-техникалық өнiмi - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлiк өнiмi, соның iшiнде өрт сөндiру техникасы мен жабдығы, өрт сөндiру құралдары, от сөндiретiн және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттiң алдын алу мен сөндiрудiң өзге де құралдары. 2-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi: - Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау; - ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру; - өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады. 4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және бақылайтын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды. 2-тарау. Мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілеттігі ҚР 16.07.99 ж. N 437-1; 05.05.00 ж. N 48-II Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт қауiпсiздiгi саласында: - бiрiңғай мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi; - мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады; - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және орталық атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды; - өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi; - мемлекеттiк өрт қадағалауын ұйымдастырады, оның қызметiнiң және өрттер мен олардың зардаптарын мемлекеттiк есепке алудың тәртiбiн белгiлейдi; - республикалық бюджет құрамында өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызметтi қаржыландыруға арналған қаржыны көздейдi, республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын өртке қарсы қызмет санын белгiлейдi; - мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын, соның iшiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар мен объектілер салалары тiзбесiн белгiлейдi; - мемлекеттiк мұқтаждар үшiн өрт сөндiру - техникалық өнiмдердiң түр-түрiн, оларды шығару мен жеткiзiп беру көлемiн бекiтедi; - Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi; - өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді. ҚР 09.12.98 ж. N 307-1; 16.07.99 ж. N 437-1; 05.05.00 ж. N 48-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды 6-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілдік берген орган болып табылады, өзiнiң ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдары бар, бiрiңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi, салааралық үйлестiрудi және ведомство үстiнен мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы: - Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттiк бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етедi және ұйымдастырады; - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және орталық атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар жұмысын үйлестiредi; - өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi, мемлекеттiк есеп жүргiзедi; - Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асырады; - өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, бiлiмдердi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады; - меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске даярлығының жай-күйiне мемлекеттiк бақылауды және өрттiң алдын алу жөнiндегi жұмысқа бақылауды жүзеге асырады; - өрт қауiпсiздi саласындағы лицензиялау мен сертификаттауды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға, меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға және азаматтарға мiндеттеушi күшi бар нұсқамалар мен басқа да нормативтiк актiлер бередi; - өрттердi сөндiрудi қамтамасыз етедi және жүзеге асырады; - өртке қарсы қызметтiң басқа да түрлерiнiң қызметiн үйлестiредi; - кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады; - мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатардағы және бастықтар құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнайы атақтар беру мәселелерін шешуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады; - өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басқару құрамының қызмет өткеруі туралы ережені әзірлейді; - арнаулы атақтармен ауыстырылуға тиісті Қызметтер тізбесін бекітеді. 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және орталық атқарушы органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және орталық атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде: - өрт қауiпсiздiгi саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады; - өрт қауiпсiздiгi саласында нормативтер, стандарттар және ережелер әзiрлеп, келiседi, мемлекеттiк есеп жүргiзедi және оның мәлiметтерiн Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органына бередi; - салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын, өртке қарсы құрамаларын, өртке қарсы қызмет пен авариялық-құтқару жұмыстары бөлiмшелерiн құрады және олардың тәулiк бойы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; - өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне бақылау ұйымдастырады, өрттерден сақтандыру мен оларды жою шараларын жүзеге асырады; - ғылыми зерттеулердi, бiлiмдердi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытып-үйретудi ұйымдастырады. 8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгi Жергiлiктi өкiлдi және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiгiне мыналар жатады: - өрт қауiпсiздiгi шараларының орындалуы мен жүзеге асырылуын ұйымдастыру; - аймақтық мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту және олардың орындалуын қамтамасыз ету; - өрттер шыққан кезде қоғамдық тәртiп мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, олардан сақтандыру және оларды жою жөнiндегi мiндеттi ережелердi қабылдау; - өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөнiндегi шараларды ұйымдастыру; - азаматтар мен ұйымдарды өрт қауiпсiздiгi саласындағы шаралар жөнiнде хабардар ету; - жергiлiктi бюджеттердiң өрт қауiпсiздiгiне арналған шығыстар бөлiгiн әзiрлеу, бекiту және атқару; - өрттер салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу; - қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң қызметiне жәрдемдесу. 3-тарау. Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызмет органдары 9-бап. Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызметтiң түрлерi мен негiзгi мiндеттерi Өртке қарсы қызмет мынадай түрлерге бөлiнедi: - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет; - салалық өртке қарсы қызмет. Өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерi: - өрттерден сақтандыруды ұйымдастыру; - өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ету; - өрттердi сөндiру. Өртке қарсы қызметке қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiгi жәрдемдеседi. ҚР 09.12.98 ж. N 307-1; 29.11.99 ж. N 488-1; 05.05.00 ж. N 48-II; 09.08.02 ж. N 346-II; 02.07.03 ж. N 454-II Заңдарымен 10-бап толықтырылды және өзгертілді 10-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, оның қызметкерлерінің құқықтары мен мәртебесі Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызметтiң негiзгi түрi болып табылады және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының құрамына бiрiңғай дербес жедел қызмет ретiнде кiредi. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қалаларда, аудандарда және елдi мекендерде, мемлекеттiң меншiгiндегi айрықша маңызды өрт - және жарылу қаупi бар объектiлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылады. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өртке қарсы қызметi күштерi мен құралдарының орталық басқару органынан, аумақтық бөлiмшелерден және олардың басқару органдарынан, оқу және өрт сөндiру-техникалық орталықтарынан, арнайы ғылыми-зертте мекемелерiнен тұрады. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтарына мыналар жатады: мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру, әкімшілік өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі талаптарының, стандарттарының, нормалар мен ережелерінің орындалуына тексеру жүргізу, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдарға және азаматтарға анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау жөнінде шаралар қолдану туралы ұйғарымдама жолдау; барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың, азаматтардың орындауы үшін міндетті өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту; мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың есебінен өрттердің себептерін анықтау үшін өткізілуге міндетті сараптамалар, сондай-ақ құралжабдықтарға, бұйымдарға, заттарға, материалдарға олардың өрт қауіптілігі дәрежесін айқындау үшін бақылау сынақтарын белгілеу; заңды және жеке тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензиялар және заңдарда белгіленген тізбелер бойынша өнімге өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік сертификаттарын беру; өрттен және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы туралы істер бойынша анықтамаларды жүзеге асыру; заңда белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді жүзеге асыру; өрт қаупін туғызатын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзған кезде, сондай-ақ ұйымдарды, объектілерді, ғимараттарды, үйлерді салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникамен қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып,орындамаған жағдайда ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндіріс учаскелерінің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, үйлерді, ғимараттарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салу; үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған жобаларға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк сараптама жүргiзуге қатысу; елді мекендер мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан объектілердің өртке қарсы бөлімшелерінің өртпен күресуге дайындығына, ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезінде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды жобалау және құрылыс ұйымдарының орындауына бақылау жасау; жер учаскелерін таңдау және ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ бұл нормалар мен ережелер жоқ объектілердің құрылысына арналған жобалық шешімдерді келісу; мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыруға әзірлеу және жұмылдыру, олардың бейбіт уақытта төтенше жағдайлар пайда болған кездегі және соғыс уақыты жағдайындағы жұмысының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жасау мен жүзеге асыру, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің арнаулы бөлімшелерінің толық жұмылдыруға үнемі әзір тұруын қамтамасыз ету; төтенше жағдайларда өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тарту, адамдарды, материалдық қазыналарды қауіпті аймақтан көшіруге өкімдер беру болған жағдайда құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мен төтенше жағдайларды жою кезеңінде цехтар мен объектілердің жұмыстарын тоқтата тұру; табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, азаматтарды құтқаруға, оттың өршуін болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шаралар қолдану үшін азаматтардың тұрғын үйлері мен өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды өкілдіктерінен басқа, аумақтар мен үй-жайларға бөгетсіз кіру; табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жеке учаскелерге, аумақтарға, үйлердің бөлмелеріне кіруін шектеу немесе оған уақытша тыйым салу; адамдарды құтқару және өртті өшіру үшін қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ қоршау конструкцияларын ашу; кез келген су объектілерінен өртке қарсы қажеттер үшін су алуды жүзеге асыру; адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдай аймақтарындағы ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті оларға нұқсан келтірілген ретте иелеріне зиянды өтеп, олардың меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен пайдалану; халықтың өртке қарсы ерікті құрамаларының өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмысына жәрдемдесу, өртті сөндіруде көзге түскен азаматтарды көтермелеу. Ұйымдарды, объектiнi, ғимаратты, үйдi салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық жағынан қайта жарақтау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi бұзылған жағдайда, сондай-ақ жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жүзеге асыратын ұйымның, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, үйлердi, ғимараттарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша сот арқылы жүргiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң жұмысына iшiнара немесе толық тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда, өртке қарсы нормалар мен ережелердiң бұзылуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына анық қауiп төндiрген кезде талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады. Осы баптың төртiншi бөлiгiнiң сегiзiншi абзацы мен алтыншы бөлiгiнде көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды. Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, өрт қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру жөнiндегi уәкiлеттi лауазымды адамдар болып табылады. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Өртке қарсы мемлекеттік қызмет басқармаларының және оқу орындарының тулары болады. Өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант береді, оның мәтінін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қызметкерлеріне мынадай арнаулы атақтар белгіленеді және беріледі: қатардағы құрам: ішкі қызметтің қатардағы жауынгері; кіші басшы құрам: ішкі қызметтің кіші сержанты; ішкі қызметтің сержанты; ішкі қызметтің аға сержанты; ішкі қызметтің старшинасы; ішкі қызметтің прапорщигі; ішкі қызметтің аға прапорщигі;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |