|
|
|
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278-1 Заңы 14.12.01 ж. N 269-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен кіріспе өзгертілді Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi. I тарау. Жалпы ережелер ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредитациялау - белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн заңды тұлғалардың асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау бойынша қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруға құқылы болуын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми тануы; 2) аттестат - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiң тануын куәландыратын құжат; 3) аттестаттау - асыл тұқымды өнiмнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге мезгiл-мезгiл жүргiзетiн комиссиялық бағалау; 4) бағалау - малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейiн тиiстi сынып бере отырып, оларды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiк сапасы, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау арқылы анықтау; 5) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы - Қазақстан Республикасында бар, шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгiлi бiр тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы; 6) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы; 7) асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, асылдандырушылар деп танылған асыл тұқымды малдың ұрығы мен эмбриондарын сатып алуға, сақтауға және сатуға маманданған заңды тұлға; 8) мал - адам өсiретiн, ауыл шаруашылық өндiрiсiне тiкелей қатысы бар ауыл шаруашылығы малы мен құсының барлық түрi; 9) зауыттық тип - тұқымның бiр бөлiгi болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттермен қатар өнiмділiгi, тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жөнiнен өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсiрiлетiн аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi ауыл шаруашылық малының тобы; 10) кросс - малдың бiр тұқымдық желiсiн басқа бiр тұқымдық желiсiмен шағылыстырудан тарайтын мал тобы; 11) тұқымдық желi - бiр немесе бiрнеше үздiк тұқымдық малдан тарайтын ауыл шаруашылық малының бiр тұқым iшiндегi немесе тұқымаралық тобы; 12) ен салу (таңбалау) - тиiстi малды дәл сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға тағу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу; 13) асыл тұқымды өнiм (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары; 14) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiнiң төлдiң шаруашылыққа пайдалы белгiлерiне ықпал ететiн деңгейi; 15) асыл тұқымды мал шаруашылығы - мал шаруашылығының малды асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған, тектiк әлеуетi жоғары малды өз төлiнен өсiруге, оларды сақтауға және өсiруге бағытталған саласы; 16) асыл тұқымды мал - өнiмдiлiк типiне, бағыты мен деңгейiне, тұқым стандартына сай келетiн, құжатпен расталған шығу тегi бар таза тұқымды, тұқымы жақсы, өнiмдiлігі жоғары мал; 17) малды асылдандырушы шаруашылық - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, белгiлi бiр түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды малды өсiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект; 18) асыл тұқымды мал зауыты - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, белгiлi бiр тұқымға жататын сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типке, зауыттық тұқымдық желiге, кроссқа, тұқым тобына жататын құндылығы жоғары малды өсiрумен, жетiлдiрумен және сатумен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъект; 19) малды асылдандырушы орталық - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрығын алумен, жинақтаумен, сақтаумен, сондай-ақ асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сатумен айналысатын заңды тұлға; 20) тұқым - адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, "өз iшiнде" өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеп алып, iрiктеп бөлiп, тектiк типiне сәйкес келетiн технологиялық жағдай жасап, қолдау көрсетiлетiн шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бiр түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендiретiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнiң белгiлi бiр өзгешелiгi бар шығу тегi ортақ бiр түрiне жататын ауыл шаруашылық малының тобы; 21) шектеулi тектiк қоры бар тұқым - сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне ұқсасы жоқ, селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымға жататын мал тобы; 22) малдың ата-тегi - бiрнеше буын төлдiң ата-енесi және арғы тегi туралы мәлiметтер келтiрiлген, асыл тұқымды малдың шығу тегi; 23) қолдан шағылыстыру - жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру; 24) сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) - аккредитацияланған органдар беретiн, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесiнің шығу тегiн және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат; 25) тұқым тобы - тұқымдағы үздiк аналық малдан тарайтын буындағы ұрғашы малдан тұратын өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды мал тобы; 26) тұқым стандарты - малды бағалаған кезде өнiмдiлiгi, тұрқының типi мен шығу тегi жөнiнен тұқымға қойылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленген ең төмен талаптар; 27) эмбриондарды телу (алмастырып салу) - құндылығы жоғары малдан төл басын көбiрек алудың биотехнологиялық тәсiлi; 28) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты берiлген өкiлеттiк шегiнде iске асыратын орталық атқарушы орган; 29) малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 30) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке тұлғалар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен жеке тұлғалар; 31) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық; 32) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн заңды тұлғалар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган аккредитациялаған заңды тұлғалар (тұқым қуалаушылық-тектiк, төзiмдiлiк-тектiк зертханалар, сүттiң, жүннiң сапасын селекциялық бақылау зертханалары, ипподромдар, мал шаруашылығының бақылау-сынақ станциялары және басқалар). 2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет: тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру; тұқымның сақталуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды орындауды тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жүзеге асырады. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды өнiм (материал) Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады. Егер осы Заңда және өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, асыл тұқымды өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады. 5-бап. Асыл тұқымды өнiмге меншiк құқығы және оны пайдалану Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) заңды және жеке тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың ғана сатуына болады. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) болған жағдайда рұқсат етiледi. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 7-бап жаңа редакцияда 7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi. 8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану Заңды және жеке тұлғаларға асыл тұқымды малды өсiру мен пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы (пайдалануындағы) жерден жер учаскелерi мен суаттар берiледi. Жер учаскесi мен суаттарға құқық, оларды беру тәртiбi мен пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты Қазақстан Республикасының аккредитацияланған және уәкiлеттi органдары тиiсiнше берген сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) және ветеринариялық куәлiк болған жағдайда жүзеге асырылады. Асыл тұқымды өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң ресми органдары берген және Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдары таныған ветеринариялық куәлiк пен сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) болған жағдайда жүзеге асырылады. 2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның қызметiнiң негiзгi бағыттары ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 2-тараудың тақырыбы, 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) асыл тұқымды малдың тектiк қорын дамыту, сақтау мен пайдалану бағдарламасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады; 2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 3) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау және малды өз төлiнен өсiру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды бекiтедi; 4) асыл тұқымды малды және асыл тұқымды мал табындарын есепке алу ережелерi мен нысандарын әзiрлеп, оларды статистика органдарына келiсуге ұсынады және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердi есепке алуды бекiтiлген нысандар бойынша жүргiзедi; 5) аттестаттауды жүргiзу тәртiбi туралы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру тәртiбi туралы ережелердi әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады; 6) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын бағалау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердi аттестаттауды жүргiзiп, аттестат бередi; 7) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып сотқа жүгiнедi; 8) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi; 9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнің әрбiр түрi бойынша және әрбiр субъектiге орай субсидиялануға тиiстi сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттарға арнап бюджетте көзделген қаражат шегiнде белгiлейдi, олардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды; 10) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктердi сынақтан өткiзедi және сапасын анықтайды; 11) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабын, асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн және өндiрiсте пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және басып шығарады; 12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi; 13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда 11-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары және олардың өкiлеттiгi 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы" және "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор" деген қосымша арнаулы атауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен беруге құқылы. 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары: 1) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектiлерiндегi малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептiлiгiнiң жай-күйiн тексеруге; 2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды өнiмдi (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау жағдайларының сәйкестiгiн тексеруге; 3) аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететiн қызмет сапасын тексеруге; 4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда, анықталған бұзушылықты жойғанға дейiн асыл тұқымды өнiм (материал) сатуды тоқтата тұруға; 5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға қызметтерi Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген кезде, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берiлген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, асыл тұқымды мал зауытын, малды асылдандырушы шаруашылықты, малды асылдандырушы орталықты және дистрибьютерлiк орталықты аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгiзуге; 6) селекция және асыл тұқымды өнiмнен (материалдан) төл алу саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдiстердiң қолданылуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы. 3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өздерінің құзыретi шегiндегi актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң орындауы мiндеттi. 4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) жоғары тұрған органдарға не сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк реттеу ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда 12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер қызметiн мемлекеттiк аттестаттау Мемлекеттiк аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша өткiзiледi. Қайтадан аттестаттау аттестаттау мерзiмi аяқталғаннан кейiн мiндеттi түрде өткiзiледi. Асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлiк орталық, сондай-ақ малды өз төлiнен өсiру бойынша қызмет көрсету жөнiндегi жеке және заңды тұлғалар мәртебесiн беру ведомствоаралық сараптама комиссиясының қорытындысы негiзiнде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiмен жүргiзiледi. Аттестаттауды (қайтадан аттестаттауды) жүргiзу, сондай-ақ мәртебе беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 13-бап жаңа редакцияда 13-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу Заңдарда белгiленген тәртіппен танылған асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттiк есепке алынуға тиiс. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының және асыл тұқымды мал табындарының саны мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдарына қарай енгiзiледi. Шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы бойынша неғұрлым құнды мал туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң деректерi асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабына енгiзiледi. Асыл тұқымды малы немесе асыл тұқымды мал табындары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзе алады және бар малды немесе асыл тұқымды мал табындарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға есеп бере алады. Асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы мен мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қол жетiмдi болып табылады. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алу нысандарын, асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi туралы ережелердi асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлеп, бекiтедi. Қазақстан Республикасының 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 14-бап өзгерді 14-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттау Асыл тұқымды өнiм (материал) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы белгiленген стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкестiгiне мiндеттi сертификаттауға жатады. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттау асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, оларда тектiк ақаулықтың жоқтығын, сондай-ақ ұрығы мен эмбриондарының шығу тегiн және сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзiледi. Сертификаттау нәтижелерi туралы құжат - сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) нақты малды асыл тұқымды мал деп тану үшiн негiз болып табылады және асыл тұқымды өнiмдi (материалды) пайдаланушы асыл тұқымды мал шаруашылығын жүргiзудiң технологиясын сақтаған жағдайда оны пайдалану тиiмдiлiгiнiң белгiлi бiр деңгейiне кепiлдiк бередi. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңына сәйкес 15-бап жаңа редакцияда 15-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысандары мыналар: 1) асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялау; 2) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердiң асыл тұқымды өнiмге (материалға) қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды субсидиялау. 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынымы бойынша белгiлейдi. 3. Жергiлiктi атқарушы органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қолдау нысандарына қатысы жоқ бағыттар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығына қолдау көрсетуге құқылы. 4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады. ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық бейiмiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, осы аталған ұйымдар: асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламалар; асыл тұқымдық малды өз төлiнен өсiру процесiн жетiлдiру әдiстерi мен тәсiлдерiн; асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен тектiк бақылауды әдiстемелерi мен техникалық құралдарын; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн жасауды жүзеге асырады. 4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және оны бағалау ҚР 14.12.01 ж. N 269-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда 17-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және сәйкестiк сертификатын (асыл тұқымдық куәлiк) беру 1. Өнiм (материал) мынадай жағдайларда, егер: стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi аккредитацияланған орган берген сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса; ұрық аттестатталған малды асылдандырушы орталықтарда асыл тұқымды малдан алынып, сұрыпталса және сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса; эмбрионды малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар аттестатталған асыл тұқымды мал зауытынан, малды асылдандырушы шаруашылықтан алып, сұрыптаса және сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |