|
|
|
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бухгалтерлiк есепке алудың 7 стандарты Тауар-материалдық қорларды есепке алу Мақсаты мен қолданылу өрiсi 1. Осы стандарттың мақсаты тауар-материалдық қорларды есепке алу тәртiбiн айқындау болып табылады, оған мыналар кiредi; тауар-материалдық қорларды сыныптау және бағалау; тауар-материалдық қорларды өндiрумен байланысты және оның өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындарды есепке алу; 2. Осы стандартты субъектiлер* тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құнын есептеу негiзiнде дайындалған қаржы есептерiн жасау мен ашу кезiнде қолданады, оған мыналар қосылмайды: құрылыс мердiгерлерi бойынша аяқталмаған жұмыстар, оның iшiнде олармен байланысты қызмет көрсету бойынша келiсiм шарттар; қаржы қызметi мен құралдары; ауыл шаруашылық және орман өнiмдерi, минералды рудалар. Айқындамалар 3. Тауар-материалдық қорлар дегенiмiз - бұл: 1) өндiрiсте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтер атқаруға арналған шикiзат қоры, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, жанар май, өнiм салатын ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түрiндегi активтер; 2) аяқталмаған өндiрiс, жұмыстар мен қызметтер атқару; 3) субъектiнiң қызметi барысында сатуға арналған дайын өнiмдер, тауарлар. 4. Тауар-материалдық қорларды өткiзудiң таза құны әдеттегi шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасынан оны сатуды ұйымдастыруға кеткен шығындарды алып тастағандағы мөлшерге тең болады. Тауар-материалдық қорлардың өлшемi 5. Тауар-материалдық қорлар өзiндiк құн мен өткiзудiң таза құнының ең төменгi бағалануы бойынша бағалады. Өткiзудiң таза құны бұл тауар-материалдық қорлардың бүлiнуi немесе олардың iшiнара яки толық ескiруi, немесе олардың сату құны төмендеуi себептi өзiндiк құн қалпына келмейтiн кезде ғана пайдаланылады. Тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны 6. Тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құнына: қорларды сатып алуға кеткен шығындар, оны осы кезде орналасқан жерiне жеткiзуге және тиiстi жағдайға келтiруге байланысты көлiк дайындау шығындары, өнiмдi қайта өңдеуге (жұмыстар мен қызметтер атқаруға) кеткен шығындар кiредi. 7. Тауар-материалдық қорларды сатып алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, сырттан әкелуге салынған баж салығы, жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы, көлiк-дайындау шығындары және қорларды сатып алуға тiкелей байланысты басқа да шығындар кiредi. Сауда жеңiлдiктерi, артық төленген соманы қайтару және осыған ұқсас басқа түзетулер сатып алуға кеткен шығындарды анықтау кезiнде шегерiледi. 8. Тауар-материалдық қорларды қайта өңдеуге (жұмыстарды, қызметтердi атқаруға) кеткен шығындарға өндiрiс процесiнде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикiзаттардың, материалдардың, отынның, энергияның, еңбек ресурстарының, негiзгi құрал-жабдықтар амортизациясының құны, сондай-ақ өнiм (жұмыстар, қызметтер) өндiру бiрлiгiмен тiкелей байланысты, өндiрiс технологиясының және ұйымдастырудың шарты болып табылатын басқа да шығындар кiредi және бұлар өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндiрiстiк өзiндiк құны болып танылады. 9. Өнiм (жұмыстар, қызметтер) өндiруге кеткен шығындар экономикалық маңызына сәйкес мынадай элементтер бойынша топтастырылады: материалдық шығындар; еңбекақыға кеткен шығындар; сақтандыруға жасалған аударымдар; құрал-жабдықтардың тозуы; басқа шығындар. 10. Өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндiрiстiк өзiндiк құнына кiрмейтiн шығындар өздерi болған есептi кезеңнiң шығындары ретiнде танылады, мысалы: жалпы және әкiмшiлiк шығындар - бұл өндiрiстi (жұмыстарды, қызметтердi) басқарумен және ұйымдастырумен байланысты шығындар; кредит үшiн проценттер төлеуге кеткен шығындар; тауар-материалдық қорларды өткiзу жөнiндегi шығындар. 11. Тауар-материалдық қорларды есепке алу әдiсi өндiрiс үлгiсiне, өнiм түрiне, оның күрделiлiгiне байланысты болады. Есепке алудың негiзгi әдiстерi: нормативтiк, қайта бөлiнiстiк, тапсырыстық. Тауар-материалдық қорларды бағалау 12. Тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құнын бағалау мына әдiстердiң бiрiмен жүргiзiледi: орташа алынған құн; ФИФО; ЛИФО; ерекше ұқсастыру. 13. Тауар-материалдық қорлардың орташа алынған құны есептi кезеңнiң басында болған немесе осы кезең iшiнде сатып алынған немесе өндiрiлген осындай бiрлiктiң орташа құнын анықтау арқылы есептеледi. 14. Тауар-материалдық қорларды ФИФО әдiсiмен бағалау кезiнде бiрiншi болып сатып алынған немесе өндiрiлген қорлардың құнын бiрiншi кезекте есептен шығару көзделедi. 15. Тауар-материалдық қорларды ЛИФО әдiсiмен бағалау кезiнде соңынан сатып алынған немесе өндiрiлген қорлардың құнын бiрiншi кезекте есептен шығару көзделедi. 16. Ерекше ұқсастыру әдiсi әдетте бiрiн-бiрi алмастырмайтын тауар-материалдық қорлар бiрлiгiнiң және арнаулы жобалар немесе тапсырыстар үшiн жасалған немесе соларға арналған тауарлардың яки қызметтердiң өзiндiк құнын есептеудi көздейдi. Шығынды мойындау 17. Өткiзiлетiн тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны, оған байланысты табыс ретiнде танылғандықтан есептi мерзiмге дейiнгi шығын ретiнде танылады. Өткiзудiң таза құнының есептен шығарылған кез келген сомасы және барлық тауар материалдық қорлардың шығыны, есептен шығарылған немесе шығынға ұшыраған ретiнде, есептi мерзiм iшiндегi шығын ретiнде мойындалады. Таза өткiзу құнының өсуi нәтижесiнде бұрын есептен шығарылған тауар-материалдық қорлардың құнын қалпына келтiру сомасы есептi мерзiм iшiнде бағаның өсуiмен өткiзiлген тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны төмендеген болып танылады. Ашылым 18. Қаржы есептемесiнде мыналарды: тауар-материалдық қорларды бағалау үшiн қабылданған есеп жүргiзу саясатын; тауар-материалдық қорлар сыныптамасы бойынша баланстық құнның таратылған жазбасын; тауар-материалдық қорларды өткiзудiң таза құнына дейiн елеулi есептен шығаруды, себебiн сипаттай отырып: егер тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны ЛИФО әдiсi бойынша анықталса, онда баланс бойынша тауар-материалдық қорлардың сомасы мен ФИФО әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған соманың немесе өткiзудiң орташа алынған және таза құнының ең азының арасындағы айырма ашылуға тиiс; өткiзiлген тауар-материалдық қорлардың құнын; мiндеттеме үшiн кепiлдiк ретiнде салынған тауар-материалдық, қорлардың есептi жылдың аяғындағы баланстық құнын, себептерiн сипаттай отырып, ашып көрсету қажет. Күшiне ену мерзiмi 19. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |